Арабтар роботтарды жұмысқа алды
Астана. 28 желтоқсан. KAZISLAM – Сауд Арабиясы үкіметі робот қызметкерлерді жұмысқа алады. Қазірдің өзінде бірнеше робот корольдік үкіметіндегі мекемелерде қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Islam-today.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, роботтардың алғашқы жиыны 23 желтоқсан күні болды. Жиын Сауд Арабиясы Білім министрі Ахмед аль-Иссаның төрағалығымен Техникалық және кәсіби дайындық корпорациясында өткен.
Айта кетсек, робот корпорацияда тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын көтерумен, сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне хабарлама жеткізумен айналысады.
Дереккөз: http://kazislam.kz/