Анджелина Джоли Бангладештегі босқындар лагеріне барды

0

Астана. 6 ақпан. KAZISLAM – Әлемге танымал Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли Бангладешке жасаған үш күндік сапары аясында «Кутупалонг» босқындар лагеріне барды. Бұл туралы хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының елшісі ретінде Анджелина Джоли Текнаф әуежайынан тура рохинджа мұсылмандары тұратын босқындар лагеріне бет алды. Олар — 2017 жылдың тамызындағы қақтығыстар кезінде Мьянмадан қашып шыққандар.

Голливуд әртісі Анджелина Джоли лагерьдегі өткен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі. Оның айтуынша, босқындар саны бірнеше айда 700 мыңнан асқан. БҰҰ елшісі басқа лагерьлерге де барады. Сондай-ақ Бангладеш астанасы Даккада елдің премьер-министрі Шейх Хасинамен және сыртқы істер министрі Ак Абдул Моменмен кездеседі. Еске сала кетейік, Анджелина Джоли бұған дейін Ирак, Түркия, Мальта, Ливан, Иордания, Сирия, тағы басқа елдердегі босқындар лагерьлерінде болған.








Дереккөз: http://kazislam.kz/