Ана мен бала өлімі азайып келеді
Астана. 30 қаңтар. KAZISLAM – Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында денсаулық саласындағы негізгі көрсеткіштерді жақсарту бойынша атқарылатын шаралар туралы айтты.
«Денсаулық саласындағы негізгі көрсеткіштерді жақсартуға байланысты мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Үкіметпен қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы өлім көрсеткіші – 1,2%, балалар өлімі – 2,8%-ға төмендеді», – дейді Досаев.
Вице-премьер ана өлімінің 10 жылда 2,6 есе және 2018 жылы 5%-ға төмендеуіне қарамастан осы маңызды көрсеткіш бойынша оң динамика болмай отырғанын атап өтті.
«2019 жылдың қаңтарында осы жағдайды жақсарту мақсатында әйелдерді сауықтыру, медицина ұйымдарын қажетті құралдармен жабдықтау, медицина қызметкерлерін жаппай оқыту шараларын қарастыратын кешенді жедел жоспар бекітілді», – деді Е.Досаев.
Дереккөз: http://kazislam.kz/