Алтыннан да құны жоғары хадис

0

Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедке (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір кісі келіп: «Уа, Алланың елшісі! Мен сізден қандай амал жасау арқылы ізгілікке қол жеткізетіндігімді сұрау үшін келдім», — деді.

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Сұрақтарыңды қой мен жауап берейін», — деді.

Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) төмендегі жауапты берді:

— Адамдардың арасындағы ең білімді болғым келеді.

— Алладан шынайы қорық, адамдардың ең білімдісі боласың.

— Адамдардың ең байы болғым келеді.

— Алланың бергеніне шүкіршілік ет, адамдардың ең байы боласың.

— Еңәділетті адам болғым келеді.

— Өзіңе қалаған нәрсені өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың.

— Адамдардың ең жомарты болғым келеді.

— Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың.

— Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді.

— Сен Алланы көп еске ал, ең сүйікті құлдардан боласың.

— Иманымныңқуатты болғанын қалаймын.

— Мінезіңді көркемде, иманың қуатты болады.

— Алладан шын қорқатын адам болғым келеді.

— Құлшылықтарыңды Алланы көріп тұрғандай жаса, егер сен Оны көрмесең, Ол сені көреді.

— Аллаға бойұсынушы құл болғым келеді?

— Бұйырғандарын орында, тыйғандарынан аулақ бол, бойсұнушылардан боласың.

Қиямет күні Алланыңқұзырында дәрежемнің көтерілгенін қалаймын.

— Ешкімге қиянат жасама, қияметте Алла сенің дәрежеңді көтеретін болады.

Қияметте Алланың мейіріміне бөленуді қалаймын.

— Өзіңе және Алланың құлдарына мейірімді бол.

— Күнәларымның азайғанын қалаймын?

— Көп тәубе ет, күнәларың азаяды.

— Шүкіршіл құлдардан болғым келеді?

— Ешбір нәрседе адамдарға шағымданба.

— Барлығынан күшті, қуатты болғым келеді?

— Аллаға тәуекел ет, барлығынан күшті, қуатты боласың.

— Алла менің несібемді көбейткенін қалаймын?

— Үнемі дәретпен жүр.

Қиямет күні Алла тағаланың маған ашуланбайтындығына сенімді болғым келеді.

—  Алланың жаратқандарының ешбіріне ашуланба.

— Алланың менің дұға-тілектеріме жауап бергенін қалаймын.

— Тиылған нәрселерден өзіңді аулақ ұста, Алла сенің дұға-тілектеріңе жауап беретін болады.

Қиямет күні Алланыңқұзырында кемшіліктерімнің жасырылғанын қалаймын.

— Өз бауырларыңның кемшіліктерін жасыр.

— Күнә мен қателіктерден не нәрсе сақтай алады?

— Көз жасы, итағат ету және ауру.

— Алла Тағала қандай амалды жақсы көреді?

— Көркем мінез, қарапайымдылық және қайғыға сабыр ету.

— Алла Тағалаға ұнамсыз амалдар қандай?

— Жаман мінез бен сараңдық.

— Осы дүниеде Алланың ашуын қайтаратын қандай амал бар?

— Жасырын садақа беру және ренжіскен екі адамның арасын татуластыру.

Қиямет күні тозақтың отын сөндіретін қандай амал бар?

— Қайғы-мұңда сабыр ету.

— Алла мен Оның елшісініңған Алланың игілігі мен сәлемі болсын.) сүйіктісі болғым келеді?

— Алла мен оның елшісінің жақсы көрген нәрселерін сен де жақсы көр! 

(Хадис Халид ибн Уалидтен риуаят етілген)