Алматыда теракт жасауға дайындалған шетелдіктер ұсталды

0

Астана. 14 қаңтар. KAZISLAM – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Қазақстанда теракт жасауға дайындалды деген күдікпен ұсталғандардың видеосын жариялады. Бұл туралы Tengrinews.kz комитеттің сайтына сілтеме жасап.

«2019 жылдың 10 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласындағы арнайы операция барысында Орталық Азиядан келген шетелдік азаматтарды ұстады, олар Қазақстанда теракт жасауға дайындалды деген күдікке ілінді» делінген видеоролик сипаттамасында.

Тергеу нұсқасы бойынша, ұсталғандар ДАИШ содырларының тапсырмасын орындап, олардың жетекшілігімен әрекет еткен. Олардан жарылғыш заттарға қолданылатын құралдар табылған. Ұсталғандар Алматының адамдар көп жүретін жерлерінде қарулы шабуыл жасамақ болған. Тергеу шаралары жүріп жатыр.








Дереккөз: http://kazislam.kz/