Алматы қаласының имамдары аттестациядан өтуде (ФОТО, ВИДЕО)

0

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен Алматы қаласы Орталық мешітінде Алматы қаласына қарасты 50 мешіттің 230-ға тарта діни қызметкері (бас имамдар, наиб имамдар, молдалар, азаншылар) аттестациядан өтіп, сынақ емтихандарын тапсырды. 

 

 

 

 

Бес жылда бір рет өтетін бұл аттестасияның мақсаты – еліміздегі дін саласында қызмет етіп жүрген имамдарынымыздың діни біліктілігін арттыру мен діни білімдерін үздіксіз дамытып отыруға жағдай жасау. Әрі осы сынақ емтиханы арқылы имамдардың өз-өздерін бағалауға, шыңдауға мүмкіндік тудыру.

 

Аттестацияда Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының наиб мүфтиі Алау Әділбаев төрағалық етті. Сондай-ақ, пәтуа бөлімінің меңгеруші Сансызбай Шоқан, Дін істері және сараптау бөлімінің басшысы Нұрбек Есмағанбетов, діни басқарманың заңгер маманы Сағитжан Дәулетияр және Алматы қаласы өкілдігінің бас имамы Еркінбек Керімбекұлы аттестациядан өтуші имамдардың білім дейгейлерін тексеріп, бағалады.

 

 

 

Аттестация 2 бөлімнен тұрды: бірінші бөлімде имамдар компьютерлік бағдарлама арқылы үш бағыт бойынша (ақида, фиқһ, әкімшілік жүйе) әзірленген сұрақтарға жауап берсе, ал екінші бөлімде ҚМДБ тарапынан арнайы бекітілген сарапшы мамандар қойған діни сауалдар мен Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы, білім беруді дамытудың тұжырымдамасы бойынша сұрақтарға ауызша жауап беріп, Құранды жатқа оқу сынағынан өтті.

 

 

 

Өз кезегінде сөз алған наиб мүфти бұл бастаманың тиімді жақтарын айтып, аттестациядан өтуші діни қызметкерлерге сәттілік тіледі.

 

Ал, Дін істері және сараптау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбетов аттестацияның осымен екінші рет ұйымдастырылып отырғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, биылғы аттестацияның бір ерекшелігі ретінде, компьютерлік бағдарламада арнайы әзірленген тест сұрақтарынының шектеулі уақыт аралығында жауап беруге шақтап жасалғанын айтты. Әрі бұл діни саладағы ашықтықты білдіретінін жеткізді.

 

 

 

Сынақ тапсырушы дін қызметкерлеріне сәттілік тілейміз. Аттестация екі күнге жалғасады.

 

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі