әлеуметтік желіге тыйым салудың қажеті жоқ
Астана. 23 қаңтар. KAZISLAM – Иран президенті Хасан Роухани елде интернет қолжетімділігін шектеу туралы ұсынысты сынап тастады.
Бұл ұсыныстарды республика шенеуніктері жиі көтеріп келген. Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Мұхаммед Джевад Азер Джехроммен кездесу кезінде Роухани әлеуметтік желілерге шектеу қою қате екенін атап өтті. «Халықты дамыған технологиялардан ажыратуға болмайды. Біз қоғамдық еркіндігімен күресе алмаймыз. Технология мен жаңа заман жетістіктеріне қарсы тұру қазіргі заман өркениетіне сай емес» деді Иран көшбасшысы.
Иран президентінің айтуынша, жаңа технологиялардың пайдасымен бірге қауіп-қатері, зияны да бар. Дегенмен, әлеуметтік желілерге тыйым салудың қажеті жоқ дейді Роухани.
Дереккөз: http://kazislam.kz/