«Әл-Каида» содырының көзі жойылды

0

Астана. 8 қаңтар. KAZISLAM – АҚШ президенті Дональд Трамп «әл-Каида» террористік ұйымының содыры Джамаль Ахмад Мухаммад Али аль-Бадавидің көзі жойылғанын растады. Бұл туралы АҚШ басшысы өзінің Twitter парақшасында жариялады.

Аль-Бадави федералды тергеу бюросының іздеуінде жүрген лаңкестің бірі саналады. Содырлы ұстауға қатысты деректер үшін 5 млн доллар сыйақы да жарияланған. Ол 18 жыл бұрын Йемен маңында АҚШ-тың «Коул» су кемесіне шабуыл ұйымдастыру бойынша айыпты деп танылған. Теракт салдарынан 17 теңізші мерт болып, ондаған адам жарақат алған.

«Біздің әскерилер «Коул» кемесінде қаза тапқан теңізшілерімізге қатысты әділдікті орнатты. Біз тек осы терактіні ұйымдастырған содыр Джамаль аль-Бадавидің көзін жойдық. «Әл-Каидаға» қарсы күрес жалғасады» деп жазады Трамп Твиттер блогында.








Дереккөз: http://kazislam.kz/