Әл-Харамды шегірткелер басты

0

Астана. 15 қаңтар. KAZISLAM – Таяуда мұсылман үмбетінің қасиетті қаласы Меккедегі әл-Харам мешіті территориясын өте үлке көлемде қара шегірткелер басты, деп хабарлайды Islam.ru.

Отыз мыңға жуық жәндік Қағба маңындағы территорияны жайлап кеткен. Әл-Харам алаңын шегірткелерден тазалау үшін барлық жұмысшылар жұмылдырылған. Saudi Gazette басылымының хабарлауынша, сарапшылар жәндіктерді зерттеуге алған. Болжам бойынша зерттеу нәтижесінде бұл жағдайдың орын алу себептері анықталып, осыдан соң алдын алу жолдары қарастырылады.








Дереккөз: http://kazislam.kz/