Әл-Харам мешітінде зағиптар бөлмесі ашылды

0

Астана. 10 желтоқсан. KAZISLAM – «Әл-Харам» мешіті істері жөніндегі басқарма мүмкіндігі шектеулі, есту қабілеті нашар жандарға арналған арнайы құлшылық бөлмесін ашты. Онда сурдоаударма көмегі жасалады, деп жазады Islom.uz.

Құлшылық бөлмесінде жұма намаздары, Ораза және Құрбан айт намаздары, жаңбыр сұрау дұғасы, сонымен қатар, «әл-Харам» мешітінде өтетін уағыздар мен дәрістерді сурдоаударма арқылы тыңдауға болады. Сондай-ақ зағип жандарға арналған ақ қаламсаптар да бар.

Айта кету керек, зағиптерге Брайлия нұсқасында жазылған Құран кітаптары мен жабдықтары бар. Бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ақылды сағаттар да қолжетімді.