«Әл-Азхар» шейхі «христиандарды қабылдауға» шақырды
Астана. 5 ақпан. KAZISLAM – Әлемге әйгілі «әл-Әзһар» ислам университетінің жетекшісі шейх Ахмед әл-Тайиб Таяу Шығыс мұсылмандарынан жергілікті христиан қауымын аймақтың бөлінбес бөлігі ретінде қабылдауды сұрады.
Шейх Ахмед әл-Тайиб бұл туралы Біріккен араб әмірлігі астанасы Абу-Дабиде Рим Папасы Францискпен кездесу кезінде мәлімдеді. «Сіздер осы халықтың бір бөлігісіздер… Сіздер азшылық қауым емессіздер» деп атап өтті әл-Тайиб христиан қауымы өкілдеріне.
Әл-Әзһар басшысы батыс мұсылмандары да өз кезегінде шейх қабылдаған Еуропа елдерінің қоғамына бейімделіп, жергілікті заңдарды сыйлауы тиіс екенін атап кетті.
Еске салсақ, жуырда Рим Папасы Франциск өзінің Біріккен араб әмірлігіне алғашқы ресми сапарын бастады. Оның араб аймағындағы тарихи іссапары 135 мың адамға арналған жиынмен қорытындыланбақ, деп жазады Islam-today.
Дереккөз: http://kazislam.kz/