Әйелдер ажырасу туралы смс арқылы білетін болды

0

Астана. 8 қаңтар. KAZISLAM – Жаңа қабылданған заң тәртібіне сәйкес күйеуі неке процесі бойынша әйелінен ажырасу мәселесімен келсе сот мәтіндік хабарламаны әйелінің телефон нөміріне жіберуі тиіс. Сауд Арабиясында осындай ереже қабылданды, деп хабарлайды ВВС.

Жүргізілген сауалнама нәтижесінде заңгерлер мен журналистер жаңа қабылданған шара корольдікте жасырын ажырасудың, яғни ер азаматтардың сот тәртібінсіз әйелдеріне талақ беруі алдын алады деп болжайды. Осыған дейін күйеулері талақ жасаған әйелдердің заңдық құқықтары тапталып, балаларға алимент ала алмай келген еді.

Айта кету керек, 2017 жылы Сауд Арабиясында әйелдерге көлік жүргізуге, ерлер секілді мамандықтарды меңгеруге және футбол ойындарын тамашалауға құқық берілді.








Дереккөз: http://kazislam.kz/