Әйел адамның еркек стоматологқа тісін емдетуіне бола ма?

0

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Ереже бойынша, әйел адам – әйел стоматологқа, ер кісі – ер стоматологқа баруы тиіс. Сол себептен, лаж болса, әйел тіс дәрігеріне қаралуға мән берген жөн. Бірақ кей жағдайларда бұл қағиданың шеңберінен шығуға рұқсат етіледі. Атап айтсақ:

1. Әйел стоматолог табылмаса, еркек тіс дәрігеріне қаралуға болады.

2. Әйел стоматолог табылғанымен, ісін сапалы жасай алатын білікті маман иесі болмаса, немесе ісін немқұрайды істесе, ондайда білікті еркек тіс дәрігеріне қаралу қажеттілігі туады

3. Әйел тіс дәрігерінде емделу қалта көтермейтіндей қымбат болып жатса

4. Тісі қатты ауырып, әйел тіс дәрігерін іздеп жатуға шамасы болмай тұрса, ер адамға тісін емдетуге тура келеді.

Қағида бойынша: «Машаққат – жеңілдікті шақырады» (әл-мәшәққату тәжлибуль тәйсир); «Егер, жағдай тарыла бастаса, кеңейеді» (Изә доқаль әмру – иттәсаъа).

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла сендерге жеңілдік қалайды, ауырлық қаламайды»[1], — десе, тағы бір аятта: «Сендерге дінде қиындық етпедік», — дейді[2].   

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

Абдусамат Қасым