Адамның жас ерекшелігі

0

Халқымыз көнеден бері адам жасына байланысты түрлі атаулар берген. Отбасы тәрбиесінде және қоғам өмірінде сол жас ерекшеліктері бойынша аталып, ақыл-кеңес беріліп отырған. Қала берсе, өлең-жырларға да қосқан. Әрине, мұндай жас ерекшеліктердің атауы әр ұлтта бар дәстүр. Бірақ қазақ халқының бұл атаудағы дәстүрі ерекше екені анық. Халқымызда әрбір шаққа қатысты төмендегідей атаулар берілгенін атап өтейік:

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте:

1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе / ұл бала-бөбек

2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін

3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған

6 жастан 7 жасқа дейін – сәби

8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы

13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала

16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала

20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт

30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт

40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі

50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы

60 пен 70 жас аралығы – ел ағасы

70 пен 80 жас аралығы – ақсақал

80 жастан жоғары – қарт, қария

Мүшел жас:

мүшел – 13 жас (ер жете бастау)

2 – мүшел – 25 жас (жігіттік жас)

3 – мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату)

4 – мүшел – 49 жас (орта жас)

5 – мүшел – 61 жас (орта жас)

6 – мүшел – 73 жас (қарттық)

7 – мүшел – 85 жас (кәрілік) 8 – мүшел – 97 жас (қалжырау) 9 – мүшел – 109 жас (шөпшек сүю) 10 – мүшел – 121 жас (немене сүю)

 

Кейбір жас ерекшеліктері:

10 жасқа дейін – «қозы жасы» деп қозы-лақ бақтырған

10 мен 20 жас аралығын – «қой жасы» деп қой, ешкі бақтырған

20 мен 30 жас аралығын – «жылқы жасы» деп жылқы бақтырған

30 жас – орда бұзар

40 жас – қылыш жас, қырықта қамал алар

50 жас – ел ағасы, ердің жасы

 

60 жас – пайғамбар жасы, алпыстың асқары, алпыстың асуы, асқаралы алпыс

70 жас – жетпістің белесі

80 жас – сексеннің сеңгірі.

ығатсынадлоқ

Шариғат     бойынша       жергілікті дәстүр Ислам дініне қайшы болмаса, ондай дәстүрді

жалғастыруға, ұстануға рұқсат етеді. Жоғарыда аталған жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылған атаулар

діни сенім мен қағидаларға қайшы болмағандықтан,

рүтсәд       бабаларымыз     өз       тұрмыс-тіршіліктерінде

ретінде сақтады. Ал, Ислам діні бойынша мұндай жас ерекшеліктері бар ма деген сұрақ туындайтыны анық. Дінде жас ерекшеліктерінің атауына қатысты арнайы ереже болмағанымен кейбір жастар жайында айтылған. Шариғатта адам жасына қатысты айтылған мәселелер, негізінен, құлшылықпен байланысты қарастырған. Мәселен, мына хадисте баланы 7 жастан бастап намазға Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Балаларыңыз жеті жасқа келген шақта намаз оқуға бұйырыңдар. Олар он жасқа келгенде намаз оқымаса, (жалқаулық танытса), тәртіпке салыңдар. Әрі олардың жатын орындарын бөлектеңдер» (Имам Ахмет, Әбу Дәуіт риуаят еткен).

Шариғат бойынша адамның Алла құзырында жау-апты болатын жас «балиғат» жасы деп атайды. Балиғат жасы ер балалар үшін 13 жас болса, қыз балалар үшін 10-11 жас аралығы. Әр аймақтың климатына байла-нысты адамдардың физиологиялық тұрғыдан жетілуі әр түрлі. Сол себепті ұлы сөздің ұяты жоқ демекші, қыз бала етеккір көргеннен бастап балиғат жасына толған болып саналады. Қазақ халқының «Он үш жа-ста отау иесі» деп, осы жаспен мүшелге толтыруы жай айтылмаған. Өйткені шариғат бойынша 13-ке толған жасөспірім балиғат жасына толғаны және діни құлшылық жасауымен міндеттеледі. Балиғат жасына қатысты ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде айтылған.

Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай дейді: «Үш адамнан қалам көтерілген (күнә жазылмайды): балиғатқа жеткенге дейін сәбиден, оянғанға дейін ұйқыда жатқаннан және айыққанға дейін ақылынан адасқаннан» (Ахмет, Терме-зи риуаят еткен).

Алланың  Елшісі  (оған  Алланың  салауаты  мен сәлемі болсын) бірде Әбу Бәкір қызы Әсмаға (р.а.): «Уа, Әсма! Әйел балиғат жасына жеткен кезде, оның мына мүшелерінен басқа жерлерінің көрінуі дұрыс бол-майды», – деп, қолдары мен жүзіне ишарат еткен (Әбу Дәуіт риуаят еткен).

Дінімізде 40 жас мәселесі де айтылып өткен. Шариғатта 40 жас адамның кемелденген, ақыл тоқтатқан, тәжірибелі ғұмыр белесі ретінде айтыла-ды. Сол секілді осы жаста көптеген пайғамбарларға пайғамбарлық келген. Ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) да 40 жасынан бастап уахи түсе бастады. Көптеген дін ғалымдарының да осы жастан кейін қалам алып, кітап жазғаны туралы тарихи деректер де бар.

Құран Кәрім сол 40 жас жайында былай дейді:

«Адамды біз ата-аналарына жақсылық жасауға бұйырдық. Адамдарды анасы ауырлап жүріп, құрсағында көтерді, қиналып туады. Құрсақ көтеру, емшек емізіп бағу мерзімі отыз айға созылады. Нәресте өседі, қырық жасқа да толады. (Сонда ол): «Тәңірім! Сенің өзіме берген және ата-анама берген игілігіңе шүкірлік етуім үшін, сен риза болатындай ізгіліктер жасауым үшін маған медет бер. Менің ұрпағымның да тағдырын оңда. Мен Саған шын тәубе еттім. Мен шынайы мұсылманмын», дейді»

(«Ахқаф» сүресі, 15-аят).

Халқымызда «40 жас – қылыш жас, қырықта қамал алар» деген нақыл тектен тек айтылмаған.

Дінімізде алпыс үш жас «Пайғамбар жасы» деген түсінік қалыптасқан. Себебі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымыз алпыс үш жасында қайтыс болған еді. Пайғамбарымыздың үш ха-лифасы да алпыс үш жасында дүние салған. Сондықтан 63 жасқа толғанда «Пайғамбар жасына келдім» дейтін дәстүр халық арасында кең тараған. Алайда бұл һижри бойынша есептелген, оны миләди жыл санауымен есеп-тесек, 61 жас болады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз