Адам үстінен сасық иіс шықса, періште қашады деген рас па?

0
145

Сәлеметсіз бе! Дінімізде ең кем дегенде жетісіне бір рет жуынып, шайынуды, таза киімдер киіп, (ер кісілер) иіс су себініп жүруді және де әр дәрет алғанда мисуакпен тіс тазалап, ауыздағы жағымсыз иісті кетіріп отыруды үйретеді. Өйткені, Періштелер де адамдар сияқты жаман иістен жиіркенеді. Пенденің үстінен шыққан жағымсыз иіс, мейірім періштелерінің жоламауына алып келуі мүмкін. Сахих хадисте ардақты Пайғамбарымыз былай деген:

 من أكل الثوم, والبصل, والكراث، فلا يقربنّ مسجدنا؛ فإن الملائكة تتأذى مما يتأذى منه بنو آدم  

«Кімде-кім, сарымсақ, пияз және жуа жеген болса, мешітімізге жақындамасын (иісі кеткенше). Шынында, адам баласы тітіркенетін (немесе қынжылатын) нәрселерден періштелер де тітіркенеді (немесе қынжылады)»[1]. 

Абдусамат Қасым