Әбу Ханифаның шәкірттерін таң қалдыруы

0
82

Күндердің күнінде белгілі ғалым Әбу Ханифа мешіттке кезекті дәрісін жүргізіп жатыр еді. Кенет оған көмекшісі келіп:

— Ей, ғалым, Сіздің Шам өлкесінен келе жатқан керуеніңізді жолда қарақшылар тонап кетті, дейді. Әбу Ханифа сәл кідіріп:

— Әлхамдулиллаһ (Аллаһқа мадақ болсын), дейді де сабағын әрі қарай жалғастыра береді. Содан сабақ бітіп мешіттен шыға берерде әлгі көмекшісі тағы келіп:

— Мен қателесіппін. Қарақшылар сіздің емес басқа адамның керуенін тонап кетіпті, дейді. Әбу Ханифа тағы кідіріп:

—   Әлхамдулиллаһ, дейді. Сол сәтте айналасындағы шәкірттері:

— Неге керуеніңізді тонап кетті деген кезде әлхамдулииаһ дедіңіз. Керуеніңіз аман, деді сонда да әлхамдулиллаһ, деп қайталадыңыз? Сонда ғалым:

— Екі хабарды естігенімде жүрегіме бір сәт мән бердім. Керуенді тонап кетті дегенде жүрігім сәл болса да қынжылмады, ал, керуен аман есен келе жатыр дегенде жүрегім бір сәт болса да қуанбады. Демек, дүниеге менің жүрегім қатты байланбағанын біліп, Аллаһқа шүкіршілік еттім,-деген екен.   

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы