Абу-Дабиде тұңғыш эко-автобус шықты

0

Астана. 14 қаңтар. KAZISLAM – Біріккен араб әмірлігінде Абу-Даби Транспорт департаменті мен Masdar компаниясы Hafilat Industry жергілікті автобус зауыты және Siemens ресми компаниясымен бірлесіп ел астанасында тұңғыш рет эко-автобусты іске қосты.

Электр автобусы Marina Mall, Абу-Даби орталық автовокзалы және Masdar City аралығында алты аялдаманы қамти жүретін болады. Айта кету керек, наурыз айының соңына дейін эко-автобуста жүру тұрғындар үшін тегін.

Бұл автобус Біріккен араб әмірлігі табиғаты, ылғалдылығы мен жоғары температурасын есепке ала жасалған.

30 жолаушыға арналған эко-автобус толық бір қуаттау арқылы 150 шақырым қашықтықты жүреді. Транспортты күн батареялары қосымша қуаттандырады. «Эко-автобус әмірлік үшін маңызды кезеңге қадам. БАӘ-ның экологиялық транспорттық шешімдері қамтылған тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізуге көмектесу – біздің компанияның басты мақсаттарының бірі» дейді Masdar компаниясының өкілі Юсеф Базелайб.








Дереккөз: http://kazislam.kz/