Әбу Бәкірдің тапқырлығы
Күндердің күнінде Аллаһ елшісі (с.а.у.) досы әрі сахаба Әбу Бәкір (р.а.) екеуі меккеліктерден қысым көріп, Меккені тастап Мәдинаға қоныс аударып бара жатады. Олардың бұл сапарынан меккеліктер хабарсыз еді. Содан бір күні жолда аттылы әскер кезігіп, олар Әбу Бәкірді танып, тоқтатып:
— Жаныңдағы кім? — дейді. Әбу Бәкір меккеліктердің жіберген әскері ме деп саспастан:
-Бұл менің сапардағы жолаушым әрі маған адаспас үшін тура жолды көрсетуші досым дейді. Содан аттылы әскер артық тұрмастан, жөндеріне кеткен екен.
Түйін: Шын сөйлеу қашанда шыңға жетелейді
Жалғас АСХАТҰЛЫ,
дінтанушы