700 метрлік Құран Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

0

Қасиетті Құран Кәрімнің үлкен қолжазбасын әзірлеген мысырлық суретші Саад Мохаммед туындыны Гиннестік рекордтар кітабына енгізуді жоспарлайды, деп хабарлайды Middle East Eye.

 

Саадтың Құран кітабы ерекше дайындалған. Ол 700 метрлік бүктемелі қағазда жазылған. Қолжазба ағаштан жасалған үлкен қорапқа салынған. Қораптың қос қапталына роликтер орнатылған.

 

«Бұл Құран қолжазбасының ұзындығы 700 метр. Әлбетте, оны жасауға өте көп көлемде қағаз қажет болды» дейді суретшінің өзі.

 

Ол осы Құран кітабын Гиннестің рекордтар кітабына енгізуді армандайды. Ал Гиннес кітабының өкілдері қазіргі уақытта әлемде Құран басылымын үлкенін  әзірлеу бойынша рекорд тіркелгенін айтады. Алайда қазіргі күнге дейін қасиетті кітаптың үлкен қолжазбасын дайындаған рекордшы болмаған екен.