6 мың метр биіктікте ислам дінін қабылдады — Қазақстандағы Ислам

0

Астана. 22 қараша. KAZISLAM – Әлеуметтік желілерде бразилиялық әуе компаниясының ұшқышы басты қаһарманға айналған бейнежазба кең таралды.

Бразилиялық ұшқыш жер бетінен шамамен 5 486 мерт биіктікте кәлима шахадатын айтып, мұсылманшылықты қабылдады. Айта кету керек, бұл оқиға ұшақ Сауд Арабиясынан өткен уақытта болған. «Мен Алладан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед оның елшісі екеніне куәлік етемін» деген экипаж командирі ұшақты басқаруды екінші ұшқышқа береді. Сол сәтте екінші ұшқыш: «Менің бауырым исламды қабылдады» деп әріптесінің әрекетін қоштай түседі.