Қыс мезгілінде тауда серуендеудің қандай артықшылықтары бар

0

Тәжірбиелі саяхатшылар мен белсенді демалысты дұрыс көретіндер тауға жылдың төрт мезгілінде шыға береді. Алайда әр мезгілдің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Осы орайда Raknagore басылымы оқырмандар арасында сауалнама жүргізіп, тауда қыста серуендеудің артықшылығын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

1. Көздің жауын алатын әдемі көріністер

Қыста қоршаған орта аппақ қарға оранып, табиғатқа сән береді. Ал таудағы қар қаладағыдай емес, жаңа жауғандай таза. Таудың қысқы пейзажына қараудан жалығатын адам кемде кем. Осы мезгілде тауға баруды жоспарласаңыз, күннен қорғайтын көзілдірік алуды ұмытпаңыз. Бұл өте қажет.

2. Жәндіктер жоқ

Қыста тауда құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей, маса мен кенеге алаңдамауға болады. Бұндай уақытта жәндікке қарсы крем қолданудың қажеті жоқ. Алайда күннен қорғайтын кремді ұмытпаңыз.

3. Таза ауа және күн ыстық емес

Ыстықта тауға шығудың қиындығы көп. Ал қыста жаураймын деп алаңдамаса да болады. Себебі дамылсыз тауға шыққанда бойға қан жүріп, суыққа тоңбайсыз.

4. Адам саны аз

Қыста тауға шығушылардың қарасы азаяды. Ал кейбір жандар үшін бұл үлкен артықшылық. Себебі тауда көп адамның жүргенін қаламайтындар бар.