Жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулар

0

Жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулар вирус, микоплазма, бактерия, саңырауқұлақшалар, эктопаразиттар сынды микробтарды қоздыратын 200-ден аса ауруды біріктіреді.

Әлемде миллиондаған адамдар күнделікті бұл қатерлі ауруды жұқтырады не қауіпке шалдығады. Көбіне бұл қауіпке жыныстық қатынасы кезінде қорғанбайтындар душар болады.

Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады және қалай азайтуға болады? Әсіресе олардың арасындағы қауіптісі ЖҚТБ, мерез,соз.Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді. Бұл қатерлі аурулардан сақтану ережелерін сақтау керек. Яғни, кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану,мүшеқап қолдану, жыныс мүшелерінің гигиенасын сақтап, жылу сумен, жұмсақ сабынмен жуынып тұру керек. Сондай-ақ, сыртқы және ішкі киім-дердің тазалығын сақтап, ешқашан басқаның жөкесімен, сүлгісімен, іш киімдерімен қолдануға болмайды.

Жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулардың белгілері: несеп жолдарынан шығатын шығындылар, зәр шығарған кезде ауырсыну, теріде, жатыр мойнағының сілемейінде өзгерістер пайда болып, қызарып бөртпелер шығып,тығыздалу байқалады.

Кейбір аурулар ұзақ уақыт бойы ешбір белгі бермеуі де мүмкін. Кей-кейде ауру белгілері өз-өзінен жоғалып кетеді, бірақ жұқпа адам ағзасында емделмейінше сақталып қалады. Енді, жыныс қатынасы арқылы жұғатын жұқпаларға тоқталайық.

Соз ауруын гөнөкөкк бактериясы шақырады. Соз зәр шығаратын несеп жолдарын, тік ішекті, тамақ аурулары.

Соз ауруының еркектер мен әйелдерде айырмашылықтары бар.

Ер адамдарда жыныс мүшелерінен іріңді шығындылар шығып, жиі-жиі кіші дәретке бару кезінде ауырсыну байқалады.

Жаңа соз 2 ай ауру кезінде және созылмалы соз 2 айдан жоғары деп бөлінеді. Аурудың байқалып, белгі беруі 3-5 күн аралығында пайда болады, кей –кейде 1 күннен 2-3 апта аралығында болады. Несепағардың алдыңғы бөлігінде алдымен күю сезімі мен қышуы, сосын кілегейлі шығындылар байқалады, 3-4 күннен кейін ауру құбылыстары қатты білінеді. Несепағар өзегінің сыртқы тесігінде қызару сен ісіну пайда болып, ол тығыздалып, қатты ауырсыну байқалады. Жалпы ағза азап шегеді, әлсіздік, қозғыштық мазалайды. Бұл қолайсыздық психо-эмоционалды стресті қалыптастырады.

Дер кезінде жіті назар бөліп, емделмесе создың созылмалы түріне ауысады. Несептің бөлінуі азайып, онда іріңджік қауыз бен жіптер табылады. Қосалқы және қуық алды бездерге тарап, аурудың жалпы жағдайы біршама нашарлайды. Қосалқы бездің зақымдануы, ыстықтың көтеріп, бездің ісінуімен айқын байқалады.

Әйелдерде жатыр мойнынан көкшіл-сары шығындылар шығып, қышынып, зәр шығыру кезінде ауырсыну болады. Тік ішектің созы айналшықта қышу пайда болып, тік ішектен ірің араласқан сасық шығындылар шығады. Тамақ созы өз белгісін көрсетпей өтеді. Соз ешуақытта өздігінен жазылмайды. Міндетті түрде дәрігерде емделу қажет. Создың созылмалы түрінен емделмесе бедеулікке шалдығады.Соз ауруына шалдыққан ананың құрсағындағы нәрестеге де жұқпаның жұғу қаупі бар. Кез-келген аурудың алдын алып, қатерлі ауру дертінен отбасыңызды, ұрпағыңызды және өзіңізді қоршаған ортаны жан-жағыңдағыларды да қорғап уақтылы профилактикалық тексеруден өтіп, аурудың алғашқы белгілерін байқай салып, дереу дәрігерге қаралуды әрбір азамат өзінің абыройлы міндеті санауы тиіс.

Мерез – жыныстық жолмен бері-летін инфекциялық ауру.

Осы аурумен ауыратын адаммен сүйі әскенде, ауру адам қолданған ыдыстан, жеке гигиеналық заттарынан, темекі, ерін бояуы арқылы жұғуы ықтимал.Қан берген адамның қаны, ауру ананың емшексүті арқылы жұғу қаупі бар.Ол өзінің белгілерімен, асқынуларымен адам ағзасына қауіп-қатер тудырады.

Мерез 3 кезеңге бөлініп, 3-4 аптадан соң ғана белгісін бере бастайды. Бозғылт спирохета қан арқылы адам ағзасына тарап, 3 айға дейін созылады. Осы уақыт ішінде адам өзінің ауырып жүргенін білмей төңірегіндегілерге жұқтырады. Алғашқы белгі – қатты шанкр. Бозғылт спирохетаның адам ағзасына түскен жерінде пайда болып, түймедей қатып қалатын жалақ, сызат жара.Бұл белгі аурудың аузында, ернінде, жыныс мүшелерінде кездеседі. Бір аптада жараның бездері ұлғайып ісінеді. Әлсіздік, буын-буындары қақсап денесінің қызуы көтеріледі. Екі-үш айдан соң мерездің екінші кезеңі басталып, теріге бөртпелер шығып, ауыз, еріннің ішкі сілекей қабына ақ таңдақтар пайда болады. Дауыс қарлығуы да мүмкін. Сондай-ақ теріге қыз-ғылт түйіршіктер шығады. Жыныс мүшелерін-дегі майда түйіндер үлкейеді. Адам осы кезде емделмесе екінші кезең 3-4 жылға созылады. Осы сатылардан өткен соң мерездің үшінші кезеңі басталады. Сырқат ағзасы әбден әлсіреп, жұлын, ми жүйелерінің жұмысы бұзылады, адам сал болып, көзі көрмей, өкпе, жүрек, бауыр қызметтері нашарлар, аяғы ауыр болса әйелдер түсік тастайды. Мұрынның кеңсірігі опырылып түсіп, бұл қауіпті аурумен ауырған адам пұшық болып қалады.

Мерез ауруына жеке басының тазалығы жоқ, нәпсі, араққұмар тәрбиесіз, бұзықтар шалдығады. Бұл кеселді түп-тамырымен жою үшін ұрпақ тәрбиесіне баса назар аудару шарт.

Біржасушалы трихоманад паразитын қоздыратын жұқпалы аурулардың бірі – трихоманад. Бұл ауру жыныстық қатынас арқылы жұғады. Еркектердің қуық жолдарын , әйелдердің жыныс мүшесінің қынап жолдарын зақымдайды.

Дер кезінде емделмесе ауру қатты асқынып адам ағзасын әлсіретеді. Бұл жұқпалы аурумен ауырған аналардан туылған балалардың 5 пайызы трихомонозды жұқтырады.

Генитальды герпес — вирусты жұқпа. Бұл ауру жыныс мүшесінен қышып,ауырып шығатын шығындылармен белгісін береді. Бел ауырып адам ағзасы әлсіреп, бас,бел ауырады. Герпес вирусы адам ағзасында өмір бойы болады. Көбіне ол жүйкеде болып, өз белгісін бермей, өзгелерге жұқтырады.

ЖҚТБ жұқпасы және В, С гепатиты. Бұл жұқпа жыныс қатынасы және қан арқылы жұғады. Жұқпаға шалдықпау үшін жыныс қатынасы кезінде мүшеқап киіп, тосын кездесетін жыныс қатынастарынан қорғану қажет. Медициналық емшара кезінде заласыздандырылған құралдар қолдану шарт.

Жұқпамен ауыратын ана құрсағындағы нәрестеге бұл қатерлі ауруды жұқтырып, ұрпағының өміріне қауіп тудырады.

Қандай да жұқпалы дерттердің белгілері көріне бастаған сәттен бастап дер кезінде, уақтылы дәрігерге қаралуды міндетіміз деп білейік. Ұрпағымыздың болашағы өз қолымызда. Дені сау ұрпақ мемлекетіміздің тұтқасы. Сондықтан, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеп» барлық талап-шарттарды сақтап, өз денсаулығымыздың қорғаушысы болайық, халайық!

Автор:
Баян АХМЕТОВА, Жамбыл аудандық емханасының бірінші санатты тері-венеролог дәрігері.