Украинамен келісімшарт бұзылды. Дәрі-дәрмек тапшылығы болмай ма?

0

Қазақстан мемлекеті міндеттемелерін орындамаған украиналық дәрі-дәрмек жеткізушілерімен келісім-шартты бұзады, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты.

Қазірдің өзінде жеткізілмеген дәрі-дәрмек көлеміне тендер өткізіліп жатыр. Бұл туралы 6 сәуірде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті.
Оның айтуынша, 2022 жылы жарияланған дәрі-дәрмек көлемінің 50 пайызы «СК-Фармация» ЖШС қоймалары мен тораптарына жеткізілді, бұл маусым айының соңына дейін пациенттердің дәрі-дәрмекке деген қажеттілігін қамтамасыз етеді.

«Украинаға келетін болсақ, жалпы көлемнің 1,6%-ы немесе дәрі-дәрмектің 25 түрі осы елден жеткізілді. Жыл басында Украинаның жеткізушілері осы есеппен 40%-дан 70%-ға дейін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Бүгінде зауыттар жабылып, біржақты тәртіпте келісім-шарттарды бұзып, қалған препараттарға тендер өткізіп жатырмыз. 1 шілдеге дейін нәтижесі белгіленіп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеміз», — деді Гиният.

Депутат Зарина Камасова министрден украиналық дәрі жеткізушілердің Қазақстан алдындағы міндеттемелері қалай орындалатынын сұрады.

«Бізге өмірі мен денсаулығы үздіксіз дәрі-дәрмекпен байланысты азаматтар жиі көмекке жүгінеді. Науқастар мен медицина қызметкерлерінің алаңдауы, ең алдымен, қазіргі геосаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдаймен байланысты. Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігі Украинадан дәрі-дәрмек жеткізуде қиындықтарға тап болды», — деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ауруханалар дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды шекті бағамен сатып алады.
(Фото sputnik.kz сайтынан алынды)