Үй шаруашылығына икемдісіз бе?
1. Өзіңізді саябақта ағаш егіп жүргендей елестете аласыз ба?
- Жоқ, ол жерге серуендеуге ғана барамын (2 балл)
- Жоқ, бұл мен үшін емес (1 балл)
- Иә, ондай шаруа қолымнан келеді (3 балл)
2. Егер саяжайыңыз болған жағдайда, көкөніс егумен айналысқанды ұнатар ма едіңіз?
- Жоқ (2 балл)
- Мүмкін (3 балл)
- Білмеймін, уақыт көрсетер (3 балл)
3. Егіс далаңызды жылыжай ретінде қолданып, қыс айларында егін егіп көрдіңіз бе?
- Иә (3 балл)
- Егіншілікпен айналысқанды ұнатпаймын (2 балл)
- Жоқ, бұл мен үшін қиын шаруа (1 балл)
4. Егер сіздің жолдасыңыз ауылда тұрып мал шаруашылығымен айналысу керек деп ұсыныс айтса құптайсыз ба?
- Жоқ (2 балл)
- Жағдайға байланысты (1 балл)
- Иә, бірақ мал шаруашылығымен шұғылданған емеспін (3 балл)
5. Үйіңізге қонақ келгенде ет асып, ерінбей өз қолыңызбен нан жаяр ма едіңіз?
- Иә, қолымнан келетін шаруа (3 балл)
- Жоқ, дүкеннен сатып алған оңай (2 балл)
- Келген қонақтарға байланысты (1 балл)
6. Тамақ пісіріп, үй жинау сіздің мойныңызда.
- Иә (3 балл)
- Жоқ (1 балл)
- Отбасымызбен бірігіп жасаймыз (2 балл)
7. Үйіңізге сирек кездесетін экзотикалық өсімдіктер өсіргіңіз келе ме?
- Әрине, сәті келіп тұрса өсірер едім (3 балл)
- Жоқ, шыдамым жетпес (1 балл)
- Менің қолымнан ондай шаруа келмес (2 балл)
8. Үй құстарын өсіргенді ұнатасыз ба?
- Иә (2 балл)
- Жоқ (3 балл)
- Неге өсіріп көрмеске (1 балл)
9. Отбасыңызға күн сайын олар әлі дәмін татып көрмеген тамақтар пісіріп беріп қуантар ма едіңіз?
- Қолым босаған кезде (1 балл)
- Көңіл-күйге байланысты (2 балл)
- Жоқ (3балл)
БАҒАЛАУ
5-15 балл. Өзіңізге әлі сенімсізсіз. Сіз өркениетті өмірге үйреніп қалған жансыз. Сізге өз қолыңызбен нан жайып, ет пісіргеннен гөрі, дүкеннен сатып алған қолайлы әрі оңай. Бірақ, бір жағынан аулаңызға көкөністер отырғызып, олардан неше түрлі тәтті тағамдар жасаудан бас тартпас едіңіз. Не дегенмен де, көбінесе саябақта қыдырып, таза ауада демалғанды жақсы көретін жансыз.
15-25 балл. Сіз нағыз үй шаруашылығына қолайлы жансыз. Сіз далада серуендегеннен гөрі, үй жинап, түрлі тамақтар даярлап, отбасыңызды қуантқанды қалайсыз. Сондай-ақ егер ер адам болсаңыз, мал өсіруге жақынсыз. Егер әйел адам болсаңыз, аулаңызға көкөністер мен гүлдер еккенді қалайсыз. Сіз шаруаға мықты адам, аулаға да мықты болуы керек деген ұстанымды ұстанасыз. Жарайсыз!
25 балдан жоғары. Сіз үй шаруашылығына қызығасыз, бірақ айналысқыңыз келмейді. Егер аулаңыз болса, сіз оған егін егіп, басында қызығушылық танытқанмен, кейіннен жалығып кетуіңіз әбден мүмкін. Үй жинау кезінде де осындай жағдайлар кездеседі. Үй тазалап жүріп, болмашы нәрсеге көңіліңіз ауып кетсе, үй өз жайына қалады да, басқа жұмыспен айналысып кетесіз. Сізге айтарымыз, ауыспалы мінезіңізді қою керек.