Уханьда шетелден келген ет пен балықтан коронавирус анықталды

0
91

Қытайдың Ухань қаласының билігі Бразилиядан келген сиыр еті мен Вьетнамнан келген балықтан коронавирус анықталған соң, эпидемиологиялық тексеріс бастады.

Бұл туралы Global Times жергілікті денсаулық сақтау органдарына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған импорт өнімдерінің ешқайсысы нарыққа шығарылмаған.

Қытайдың ауруды алдын алу және бақылау орталығының мамандары қазан айында мұздатылған теңіз өнімдерінің сыртынан COVID-19 таралуына себепші тірі вирус анықтаған еді.