Түрлі-түсті маска адам денсаулығына қауіпті — дәрігерлер

0

Сеченовский университеті Склифосовский атындағы клиникалық медицина институты кафедрасының ассистенті, дәрігер-косметолог Елена Морозова түрлі-түсті бетперденің қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дәрігер-косметологтың айтуынша, түрлі-түсті бояғыш заттар аллергия туғызып, тері ауруларын асқындыруы мүмкін.

«Мен көшеде қара түсті бетперде таққан адамдарды көп көремін. Оның құрамында тері ауруларын асқындыратын бояғыш зат бар. Тіпті пациенттердің өзі бұл маскалардың жағымсыз химиялық иісіне шағымданады», — деді ол.

Дәрігер мұның бәрі дерматоз — түрлі тері ауруларын қоздыруға түрткі болатынын айтты. Себебі қара түсті бояғыш аллергия туғызады. Ал бетперде оның үстіне синтетикадан жасалса, оны мүлде пайдаланбаған абзал. Бұл туралы «Мәскеу» қалалық жаңалықтар агенттігі хабарлады.

«Егер бұл мақта-матадан тігілген түрлі-түсті маска болса, онда әңгіме басқа. Ал қайда боялғаны белгісіз, суреттермен безендірілген синтетиканы қолдануға кеңес бермеймін», — деді дәрігер.