Түнгі ұйқы кезіндегі жарық денсаулыққа қаншалықты қауіпті?

0

АҚШ-тың Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары Proceedings of the National Academy of Sciences журналында түнгі ұйқы кезіндегі жарықтың адам ағзасына деструктивті әсерін анықтаған зерттеуін жариялады. Сарапшылардың пікірінше, ұйықтап жатқан адамға түнде  жарық кері әсер етеді.
Ол глюкозаның реттелуі мен жүрек-қан тамырларының жұмысын нашарлатып, жүрек ауруларына, қант диабетіне және метаболикалық синдромға әкелуі мүмкін. Мақала авторларының пікірінше, түнде жатын бөлмесіндегі жарық болмауы немесе кем дегенде оны азайту өте маңызды.

Түнгі жарық жүрек соғу жиілігін бұзады

Зерттеушілер ұйқы кезінде шектен тыс жарық жүрек соғу жиілігін арттырады деген тұжырымға келді. Жүрек соғу жиілігі симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйесі арқылы реттеледі, олар бірігіп вегетативті жүйке жүйесін құрайды.

Жарық алдымен ол әртүрлі органдардың жұмыс режимдерін өзгертеді, метаболикалық процестердің жылдамдығын арттырады және жүректің жиырылуын күшейтеді, бұл дененің басқа орта жағдайларына бейімделуіне көмектеседі. Екіншісі керісінше әсер етеді, дененің тыныштық күйіне ауысуына көмектеседі. Осылайша, парасимпатикалық жүйке жүйесі жарықтандырудан бұзылған денедегі түнгі процестерді реттейді.

Түнгі жарықтан қант диабеті туындайды

Зерттеушілер тәжірибе нәтижесінде,  диабетке дейінгі жағдайдың белгілерін анықтады.

Ғалымдар адамдар жарықтандырылған бөлмеде ұйықтағаннан кейін таңертең инсулинге тәуелділік пайда болатынын анықтады, бұл  қант диабетінің екінші деңгейдегі белгісі. Осы сәтте бұлшықеттердің, майлы тіндердің және бауырдың жасушалары инсулинге жауап бере алмай, нәтижесінде энергиямен қамтамасыз ету үшін қажетті глюкозаны бірдей тиімділікпен игере алмайтындығында көрінеді. Мұның орнын толтыру үшін ұйқы безінен көбірек инсулин бөліне бастайды, бірақ уақыт өте келе қандағы қант деңгейі одан сайын көтеріледі, бұл қант диабетінің ең күрделі деңгейіне әкеледі.

Түнгі жарық ұйқының нашарлауына және семіздікке әкеліп соғады

JAMA Internal Medicine журналында сау адамдарды жарық бөлмеде ұйықтату арқылы жүргізілген зерттеу жұмысы жарияланды.  Нәтижесі артық салмақ пен семіздікпен сипатталған.

Эксперимент барысында еріктілер ұйықтап жатқанымен, бөлмеде шам жанып тұрғанын білмеген. Алайда бұл олардың ұйқысының сапасына әсер еткен. Соның салдарынан адамдар жиі оянып, адам ағзасы толық тынығып, демалмаған.

Жарықтандыру пациенттердің миына әсер еткен

Негізі күңгірт немесе қараңғы бөлмеде жатқан адам ағзасында мелатонин яки «ұйқы гормоны» өндіріле бастайды. Сондықтан оянбай ұйықтау мен сергек ояну сияқты процестер миға оң әсерін береді. Толықтай және ештенеге алаңдамай ұйықтаған адамның миы қоса тынығады.

Ғалымдар түнде жарықты өшіріп, терезелерді жабуға кеңес береді

Статистикаға сүйенсек,  адамдардың 40 %-ға жуығы төсек жанындағы шамды  немесе жатын бөлмесінің жарығын, теледидарды қосулы күйде ұйықтайтын көрінеді. Үлкен қалаларда өмір сүретін адамдардың аурушаң болып келетіні де сондықтан екен. Ұйықтар алдында бөлмеде ақ немесе көк шамдарды пайдалану зиян, оның орнына сары немесе қызыл-қызғылт сары түсті жарық ең жақсы нұсқа болады.Ұйықтар алдында бір сағат бұрын бөлмедегі жарық жарығын өшіріңіз. Жатын бөлмесіндегі жарықтандыратын құрылғылардан — модемдерден, электронды сағаттардан және т.б. арылыңыз. Ұялы телефондарды төсектен алыс жерде қуаттаңыз. Біріншіден, осылайша сіз күтпеген түнгі хабарландырудан оянбайсыз, екіншіден, ұйықтар алдында әлеуметтік желілерге алданбайсыз. Себебі гаджеттердің көк шамы ұйқыға кедергі жасайды.

Денсаулығыңызды күтіп жүріңіз! Экологиядан бөлек сіздің денсаулығыңызға кері әсер ететін түрлі жағдайлардың да бар екенін ұмытпаңыз!