Тірек қимыл жүйесіннің аурулары мен зақымдануындағы қарау ерекшеліктері.
ТҚЖ зақымдалған адамдарды мына жалпы ережеге сай қарайды:
- Витальдік қызметінің күйін бағалау мен науқастың жалпы жағдайына баға беру..
- Егер науқастың есі анық болса – шағымдарын білу. Тәптіштеп науқас жарақат алуының механизімімен, қалай жарақат алғанын білу.Аурудың басталуы мен оның қосымша ауруларын білу.Алдындағы алған емдері. Травмотология мен ортопедиологиядағы басты емдеудің ерекшелігі ол қосымша ауруларының бар жоқтығы. Әсіресе қарт адамдарда маңызды. Сол себепті қосымша аурулардың емі тарихы зерттелінеді.:
- Қарау
- Пальпация.
- Аускультация.
- Буындардағы белсенді және белсенді емес қозғалыстарды анықтау.
- Қол аяқтардың ұзындығы мен шеңберлік өлшемін жасау.Кеуде және арқаның деформациясын анықтау.
- Бұлшық еттің күшін анықтау.
- ТҚЖ функциясының көлемін анықтау.
- Рентгендік зерттеу.
- Функциональді, электрофизиолгиялық және лабораторлы зерттеу әдістері.
- Диагноз қою.
Ауыр жарақат алған адамның тағдыры өміріне қауіпті өзгерістерді анықтап ерте жоюға қатысты. Бұндай кезде науқастың есінің анықтығын, тынысын, АҚ мен пулсін бақылап түзету керек.
- Ең ауыр өлімге әкелетін асқынуға тынысының бұзылысы жатады. Тынысының бұзылысының 3 түрін ажыратады:
- Орталық типті.
- Шеткі типті.
- Аралас типті.
Тыныс алудың бұзылуының орталық типі: клиникалық көрінісі жиілігі, ритімі, тыныс алу амплитудасының бұзылысы мен көренеді. Ми жарақаты мен мидың шайқалуында байқалады.
Тыныс алудың бұзылуының перефириялық типі: Тынс жолының обтурациясында, Кеуде клеткасының пародоксальді тынысында, өкпе тығыздалуында өкпенің ісінуінде. Тныс жолының бітелуі қатты сырылдата тыныс алу мен ентігу, цианоз, стерторозды тыныспен білінеді. Тынысқа қосымша еттер қатынасады. Ашық кеуде пневмотороксі кезінде «Сорушы жара түзіледі»
- Келесі витальді бұзылыс тудырушы қауіпті өзгеріс қансырау мен трвмотикалық шок III – IV дәрежелі, болып табылады. Бұнда АҚ 75мм с.б төмендейді.пульс жиілейді, АҚК азаюы, тері бозғылдығы, суық тер, олигурия, анурияға дейін, ТҚШҰ синдром.
Бұндай өзгерістер өмірге өте қауіпті, жедел реанимациялық көмекті талап етеді.Бұл іс — әрекеттердің барысында адамның тіршілік күйі де бағаланады.
Шұғыл травмотологияда адамның күйін бағалаудың 4 негізгі түрлері бекіген: қанағаттандырарлық, орта ауырлықта, ауыр, өте ауыр.
Клиникада адамның күйін бағалаудың критериі:
- Қанағаттанарлық – есі бар, жиі тыныс, гемодинамикасы, дене қызуы, қан анализі мен зәр анализі қалыпты деңгейде.
- Орта дәрежелі — есі күңгірттеу. ТАЖ 24 – 25 минутына. АҚ 100 – 9060 мм с.б. Дене қызуы 37,5 – 37,6 . Жалпы және биохимиялық анализдердің сәл ғана ауытқуы.
- Ауыр – есінің анық қанығы белгісіз. ТАЖ – 26 дан 35 минутына. АҚ 90 мен 7050 мм с.б. пульсі 110-120 минутына. Температурасы 37,7 ден 390 .Жалпы және биохимиялық анализерінде анық өзгерістер бар.
- Өте ауыр жағдай — кома жағдайында. ТАЖ 35 тен жоғары. АҚҚ 70/40 мм. сб. ст. төмен.Пульс 120 мин. Жалпы және биохимиялық анализінде өте ауыр өзгерістер.
Бұл кезде науқастың жағдайы жоғарыдағы критеридің бірімен бағаланады. Ауыр және өте ауыр жағдайда реанимациялық жұмыстардан кейін барып ортопедиялық көмек көрсетеміз.
Травмотологиялық шок 4 қосылыстан тұрады:
- Инфузиялық терапия — полиглюкин ерітіндісін вена ішілік құю, стабизол беру. АҚК байланысты берілетін сұйықтықтардың жылдамдығы тамшы не ағынмен реттелінеді.
- глюкокортикостероидтарды беру – преднизолон 60-90 мг. Гормон флаконда инфузияға арнап беріледі.
- Адекватты жансыздандыру – бі анальгин + димедрол, НЕЖП (кетонал, кетерол тб.), наркотикалық анальгетиктер (промедол, морфон, омнопон и др.).
- Оксигенотерапия – маска көмегімен оттегінің белгілі көлемін беру.
Ергер есі келсе қанағаттанарлық күйге түссе ауру мен өмір анамнезі мен керек ақпараттарды жинау.
Дереккөз: KazMedic