Сан сүйегінің шығулары. | KazMedic
Жалпы шығулардың ішінде сан сүйегінің травмалық шығулары 3-7% құрайды.Жиі еңбекке жарамды ер адамдарда жарақаттың тура емес механизмі әсерінен пайда болады. Бағытына байланысты сан сүйегі басы ұршық ойығынан артқа және алдыға шығуы мүмкін. Сан сүйегі шығуларының төрт негізгі түрлерін жыратады:
1) Артқыжоғарғы – мықындық;
2)Артқытөменгі – шонданай;
3)Алдыңғыжоғарғы- қасаға үсті;
4)Алдыңғытөменгі – бекітуші (запирательный)
(.
Бірінші орында санның мықындық шығуы тұр (85%), содан кейін шонданай, бекітуші және ең ақырғы қасаға үсті.
Клиника және диагностика. Анамнезінде жарақат механизміне тән сипат, артынан пайда болатын ауырсыну және жамбассан буынындағы функцияның жоғалуы. Белсенді қозғалыстар мүмкін емес, пассивті қозғалыстар жасағанда «серіппелі қарсыластық» симптомы пайда болады. Аяқ деформацияланған және шығуға сай мәжбүрлік жағдайда.
Мықындық шығуда аяқ шамалы бүгілген, әкелінген және ішке ротацияланған. Аяқтың функциональды ұзындығының азаюы байқалады. Үлкен ұршық Розер Нелатон сызығынан жоғары жерде анықталады. Сан сүйегі басы шығу жағындағы бөксе аймағында пальпацияланады.
Шонданайлық шығуда аяқ біршама бүгілген, әшке ротацияланған және әкелінген. Сан сүйегі басы ұршық ойығынан төмен және артқа қарай пальпацияланады.
Қасаға үсті шығуында аяқ жазылған, біршама әкетілген және сыртқа ротацияланған. Сан сүйегі басы шап байламы астынан пальпацияланады.
Бекітуші шығуда аяқ жамбассан буынында және тізе буынында бүгілген, әкетілген және сыртқа қарай ротацияланған. Үлкен ұршық сезілмейді, бекітуші тесік аймағында томпайып шығып тұру сезіледі.
Шешуші диагноз рентгенограммадан кейін қойылады.
Емі. Сан сүйегі шығуы экстрогенді трама болғандықтан оны тез арада орнына келтіру қажет. Жалпы жансыздандыру қолданылады, тек қана оны орнына келтіре алмаған жағдайда ғана жергілікті жансыздандыру жасалады. Буынға 30-40 мл 1% новокаин ерітіндісін енгізеді, қосымша жансыздандыру эффектісін көтері мақсатында 1-2 мл промедол немесе омнопон енгізіледі.
Ең жиі екі әдіс қолданылады. Олар Кохер және Джанелидзе әдістері.
Кохер әдісі. Мықындық және шонданай шығуларында тиімді.
Науқасты арқасына жатқызады, көмекші жамбасты екі қолымен бекітіп ұстап тұрады, хирург сан осі бойымен тартып, аяқты тізе және жамбассан буыныда бүгеді. Ары қарай ол ротационды қозғалыстар жасап, сан басын ойығына әкелуге тырысады.
Алдыңғы шығуларда көмекші іс әрекеттері бірдей, ал хирург сан осі бойынша тракция жасайды және аяқты тізе мен жамбассан буынында 90 градуста бүгеді. Ары қарай этапты түрде сыртқы ротация жүргізіледі, ішкі ротацияны тізе және жамбассан буынында аяқты бірге бүгумен бір уақытта жүргізеді.
Джанелидзе әдісі. Науқасты столға ішіне жатқызады, аяғы столдан түсіп тұратындай (а) және осылай 15-20 минутқа қалтырады. Содан кейін зақымдалған аяғын тізе және жамбассан буынында бүгіп біршама әкетеді(б). Хируг сирақтың дистальды бөлігін ұстап және өзінің тізесімен науқастың сирағын басады, сан осі бойынша тракциялайды, содан кейін бірнеше ротационды қозғалыстар жасайды. Сан өзіне тән дыбыспен кіреді. Дәлелі «серіппелі қарсыластық» симптомының жойылуы және контрольды рентгеногарфия.
Орнына салғаннан кейін аяқты 1-2 кг жүкпен 1 айға дисциплирленген қаңқадан тарту жүргізіледі, ол асептикалық некроздың алдын алу үшін. УВЧ және новокаинмен жамбассан буынына электрофорез. Еңбекке жарамдылық 14-15 аптадан соң қалпына келеді.
Дереккөз: KazMedic