Құлақ себепсіз шыңылдайды: Ғалымдар коронавирустың тағы бір белгісін атады

0
201
Advertisement

Шетелдік ғалымдар коронавирустың адамның есту қабілетіне әсері туралы зерттеуінің нәтижесін бөлісті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Лондон колледжі мен Корольдік ұлттық комитеттің ғалымдары коронавируспен ауыратын науқастарға ортақ тағы бір белгіні байқағандарын айтты: ол белгі – тиннитус, яғни құлақтың ешқандай себепсіз шыңылдауы немесе шуылдауы.

Бұл ретте, кейбір науқастарда әлгі симптом мен ковидтің ауыр түрі қосылған кезде есту қабілетінің толық жоғалуына әкеп соқтырған. Құлақтың есту қабілетін қалпына келтіруге бола ма, жоқ па бұл жағы әлі белгісіз.

Ғалымдар коронавирусқа шалдыққан адамдарды оны емдеу үшін алдын алу шаралары мақсатында, бұл симптомға назар аударуға шақырып отыр.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз