Өзіңіз туралы біліңіз: Суреттен бірінші не көрдіңіз?

0
801

Ең бірінші болып көрген жануар (құс, жәндік) сіз туралы шындықты айтпақ. Суреттен не көрдіңіз?

Жылқы

Амбицияға толы, еркін ойлы жансыз. Сіз үшін шекара деген түсінік жоқ.

Алға ұмтылғанды жаныңыз қалайды. Адал, еңбекқор және батылсыз. Егер сөйлесіп тұрған адамыңыздың айтқанының қате екенін білсеңіз, сіз айқай-шу, ұрыс-керістен қашпайсыз. Жұмыс істеуден де жалықпайтын жансыз. Ішкі әлеміңізбен ылғи байланыстасыз. Жаратылысыңыз да сол сияқты үлгілі, адал және айтқанға көнгіш.

Тауық

Егер суреттен тауықты көрген болсаңыз, сіздің басты ерекшелігіңіз – табандылығыңыз деген сөз. Тауық момын емес. Ол – жылдам, ақылды, табанды құс. Олар кішкентай денелі болса да, қатігез жаратылыс екені белгілі.

Шаян

Сырты қатты, іші жұмсақ. Суреттен шаянды көрсеңіз, сіз де осы қасиетті бойыңызға сіңірген жансыз. Шаяндардың адал екені белгілі. Егер сіз де өзіңізді зерттейтін болсаңыз, осы күнге дейін адал жан болғаныңызды түсінесіз. Өзіңізден бұрын жақындарыңызды ойлайсыз. Сізге сенетін адамның көңілін ешқашан қалдырып көрмегенсіз.

Дәуіт

Дәуіт – сезім мен шыдамдылықтық символы. Ол өзінің қалауына жету үшін бірнеше сағат бойы қозғалмай тұра алады. Егер сіз суреттен дәуітті көрсеңіз, сізде инстинкт жақсы дамыған. Ішкі дауысыңыз жолыңыздан жаңылдырмайды. Өз жолыңызды, өз мақсатыңызды білесіз. Сол жолмен жүріп, қалағаныңызға жетіп отырасыз.

Қасқыр

Қасқыр – үйіріндегі жалғыз жауынгер. Олардың топпен жүріп, өмір сүретінін білеміз. Олар қорықпайтындығымен, қатыгездігімен ерекшеленеді. Егер сіз қасқырды көрсеңіз, іштей қатыгез және қорықпайтын адам болуыңыз мүмкін. Сіз адамдардың арасында жүре аласыз. Десе де олардан ерекшеленіп тұрасыз.

Ит

Адал, батыл. Адамдардың бәрі итке осы қасиеттер тән екенін біледі. Алайда осы қасиеттерді бойына сіңірген адамдар жоқтың қасы. Егер сіз суреттен бірінші итті көрген болсаңыз, бір уақытта қатігез әрі мейірімді, көңілді және ашулы, ақылды немесе ақымақтау бола аласыз. Сондай ерекше жансыз. Сізді жақын таныған жандардың барлығы қарым-қатынастың әрі қарай жалғасуын қалайтыны да сондықтан.

Бүркіт

Жабайы, еркін, аспан үшін жаратылған бүркіт – табиғаттағы жыртқыштардың бірі. Егер бүркітті көрсеңіз, сіз қалауыңыз үшін барлығына дайын жансыз. Шешіміңізден ешқашан бас тартпайсыз.

Көбелек

Көбелек – сұлулық пен нәзіктіктің белгісі. Ол – табиғаттың тылсым туындыларының бірі. Сіз де сондай жансыз. Арманыңызға жету жолында өзіңізді де өзгертуге дайынсыз. Бейімделгіш қасиетіңіз бар.

Көгершін

Махаббат пен бостандықтың символы – осы құс. Алғаш көргеніңіз көгершін болса, данышпан жансыз. Сіз төзімдісіз, өзіңізге арнайы уақыт бөлесіз. Кез келген келісімге өзіңізге салмақ түсірмей, қиналмай жетесіз. Біреу үшін үміт символы болып қала бересіз.