Мексикада коронавирустен күніне мыңнан аса адам көз жұмуда

0
266
Сурет: rodro

Бүгін, 19 ақпан, Қытайдың Ухань қаласында коронавирус анықталғаннан бері 441 күн және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының пандемия жариялауынан 356 күн өтті.

Әлемде инфекцияның 110,8 миллион жағдайы тіркелді, 2,4 миллион адам пандемия құрбаны болды. Жұқтырғандардың көпшілігі АҚШ-та ( 28,4 млн), одан кейін Үндістан (10,9 млн) және Бразилия (9,9 млн).

Коронавирус бойынша ең ауыр жағдай Мексикада тіркелуде. Мемлекетте індеттен үш күнде 3451 адам көз жұмды, деп хабарлайды ORDA.

Статистикаға сүйенсек, мемлекетте коронавирустан 17 ақпан – 1329, 18 ақпан – 1075, 19 ақпан 1047 адам дүниеден өтті. Тікелей уақыттағы мәліметтер „Worldometers“ сайтына жүктеледі. Анти-рейтингке 221 ел қатысқан. Басқа елдердегі статистика Мексикадағыдай үрей тудырмайды.

Әлемде тіркелген 2,439 мың ковидтан өлімнің 175 мыңы Мексикада орын алған. Сондағысы, Мексика әлемдегі коронавирус құрбандарының 7 пайызын құрайды. Соңғы үш күндегі статистикаға келетін болсақ, Мексика азаматтары коронавирус құрбандарың 23 – 25%, яғни төрттен бір бөлігін құрайды.