Ауыздың жағымсыз иісінен құтылудың 8 қарапайым әдісі
Егер сіз күн сайын тістеріңізді жуып тұрсаңыз, бірақ жағымсыз иістен арыла алмасаңыз, осы кеңестерге назар аударыңыз. Біз сіздерге ең қарапайым практикалық кеңестерді ұсынамыз, деп жазды Өмір жолы сайты.
1. Ауыз қуысының гигиенасын сақтаңыз. Тістеріңізді жуу ғана жеткіліксіз. Тістерді тазалаудан басқа, тістердің арасында қалған тамақ қалдықтарынан тазарту қажет. Ол үшін жіп немесе стерильді сымды қолданыңыз.
2. Тіліңізді жуыңыз. Тілді жуу тілде пайда болатын бактерияларды жояды. Дүкеннен тіл тазартқыш сатып алыңыз.
3. Сұйықтық көп ішу. Жағымсыз иістің пайда болуының негізгі себептерінің бірі – ауыздың құрғауы. Сондықтан адамдармен кездеспен бұрын үнемі өзіңізбен бірге су мен шырын алып жүріңіз.
4. Жемістер жеу. Алма, сәбіз сияқты қатты жемістер мен көкөністерді жеу де тілді тазартады. Сондықтан тістеріңізді мүлдем жуа алмасаңыз, кем дегенде алма жеуге тырысыңыз.
5. Ауызды шаю. Тістеріңізді тазалап, стерильді жіппен тістеріңіздің арасын тазаласаңыз да, шала болып қалуы мүмкін. Сондықтан ауызды шаю қалдықты толығымен тазартып, жағымсыз иісті басады.
6. Шай ішу. Шай құрамындағы элементтер ауыз қуысында түрлі бактериялардың көбеюіне жол бермейді.
7. Ақжелкен жеу. Ақжелкендегі х л о р о ф и л л ауыздан жағымды иіс шығарады.
8. Ащы тағамды азырақ пайдалану. Пияз бен сарымсақтары көп ащы тағамдар аузыңыздан жағымсыз иіс шығарады.