Алматыда карантиндік шектеулерге өзгеріс енгізілді

0
90
Сурет: seega84

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы жарияланды.

Жаңа қаулыға сәйкес:

  • «ASHYQ» пилоттық жобасымен жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат етілді.
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен «Қазпошта» АҚ бөлімшелері алдын ала жазба бойынша қызмет көрсете алады.
  • Қоғамдық тамақтану объектілерінің келушілерге қызмет көрсетуімен жазғы алаңдарда ғана отыратын орындар 50%, бірақ 50 орыннан артық емес толтырылған кезде және үстелдер арасында 2 метр қашықтықты қатаң сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат.

2020-2021 оқу жылының соңына дейін жатақханаларда тұрмай техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым мен ЖОО студенттері және жалпы білім беретін мектеп оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.

Ата-аналарының өтініші бойынша 1-5 сыныптарды қоса алғанда (халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарды қосқанда), 15 адамға дейінгі балалар саны бар 9 және 11 (12) сыныптарды кезекші сыныптарға рұқсат етілді.