Әлемде коронавирусты 55 миллионнан астам жұқтырды

0

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандардың саны 55 миллионнан асты. Аталған статистикалық мәлімет Джонс Хопкинс университетінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

ЖОО мәліметіне сәйкес, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 55 033 418-ге жетті, ал қайтыс болғандар саны — 1 327 500. 35,3 миллион адам жазылып шыққан.

Ал бірақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус бойынша басқа статистика келтіреді. ДДҰ соңғы мәліметтері бойынша, әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 54 301 156-ға жетті, 1 316 994 адам қайтыс болды.