Алақан сүйектерінің диафиздерінің сынығы | KazMedic

0

Жарақат механизмі. Жиі – тура (балғамен, таяқпен жәнет.б. соққы), сирек жағдайда – тура емес. Алақан сүйектерінің денесі сынғанда жиі сынықшалардың екіншілік алақан жаққа ашық бұрышта ығысуы болады. Ол сүйек аралық және құрт тәрізді бұлшықеттер арасындағы тәждерге негізделген.

Диагностика. Буынның сыртқы бетіндегі айқын ісіну.сынық аймығында жиі қан құйылу анықталады. Пальпацияда алақан сүйектерінің сынықшаларының ығысуымен түзілген бұрыштардың төбесін анықтайды, осы жерде ауырсыну да анықталады. Алақан сүйегінің осі бойынша күш түсіру сынық орнында ауырсынудың күшеюіне әкеледі. Ауырсынуға байланысты саусақтардың активті және пассивті қозғалысы шектелген.

Радиологиялық зерттеу. Буынның екі проекцияда рентгенографиясы диагнозды дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Алақан сүйектерінің диафиздерінің сынығыАлақан сүйектерінің диафиздерінің сынығы

Емі. Алақан сүйектерінің сынықшаларының тайқуынсыз сынуында гипстік лангетамен саусақтардың ортасынан білектің жоғарғы 1/3 бөлігіне дейін 4-5 аптаға  иммобилизациялау қажет. Тайқу бар сынықты жергілікті анестезиямен бір мезгілді бұрыштың төбесінен алақан бағытында, ал алақан сүйегінің басын қарама қарсы бағытта оның осі бойынша тартқанда  басу арқылы репозициялайды. Репозициядан кейін гипстік лангета (сыртқы және алақандық) саусақтардың ортасынан  білектің жоғарғы 1/3 бөлігіне дейін салады. Иммобилизацияны 4-5 апта жалғастырады, одан кейін ЕДШ, массаж, ванна тағайындайды. Еңбекке жарамдылық 5-6 аптадан кейін болады.

Жабық репозиция нәтижесіз болғанда сынықшаларды спицалармен, пластинамен, винтпен остеосинтез жасау арқылы ашық репозиция көрсетіледі.

 

Дереккөз: KazMedic