4 аптада 28 келіден арылтатын СУПЕР диета

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Қазірден-ақ, «өтірік, сенбеймін» деп отырған боларсыз. Дегенмен, байқап көріңіз.

Аталмыш диетаны бастамас бұрын таразыға тұрып, салмағыңызды біліп алыңыз. Өйткені 4 апта өткен соң осы салмақтан 20-28 келі азайғанына көзіңіз жетеді.

Бұл диета тағамның құнарлылығымен есептеліп жасалмаған. Мұнда адам ағзасындағы химиялық реакциялар қатысатын болады. Сондықтан да тамақтану барысында тек біз ұсынған тағам мәзірін сақтау керек. Әйтпесе «+»-ке емес, «-»-қа кететін боласыз. Егер сіз ас мәзірінде берілген қандай да бір тағамды алып тастаған болсаңыз, оның орнын басқамен толтыруға болмайды. Сонымен қатар, кейбір азықтардың көлемі көрсетілмеуі мүмкін. Мұндай тағамдарды шектеусіз жей бересіз.

фото: avatars.mds.yandex.net

Бір ай ішінде 28 келіге дейін салмақ тастауға көмектесетін осынау диетаны ұстану кезінде ешбір дәрумен қабылдаудың керегі жоқ. Сондай-ақ, мына нәрселерді де орындайсыз:

  • Сұйықтықты көп ішу керек;
  • Көкөністерді суға ешқандай сорпа қоспай қайнатасыз. Азырақ тұз, бұрыш, сарымсақ, пияз, дәмдеуіштер салуға болады;
  • Май өнімдерін қоспайсыз;
  • Бір стақан ас содасы қосылған суды кез келген уақытта ішуге болады;
  • Сүт пен қантсыз шай, кофені де қалаған уақытта іше аласыз;
  • Қарныңыз қатты ашып кеткен жағдайда қияр, салат, сәбіз жеуге болады;
  • Берілген көлемнен артық не кем жеу ұсынылмайды;
  • Таңертең аш қарынға таразыға тартыласыз;
  • Спортпен шұғылданудың артықтығы жоқ;
  • Егер осы режимді сақтайтын болсаңыз, аз ғана тағамға тояттап қалғаныңызды байқамайтын боласыз.
  • Егер диетаны қайталағыңыз келсе, бірінші аптаны екі рет, төртінші аптаны бір рет дәл солай ұстауға болады.

Ендеше кеттік, денеміздегі артық майларды, токсиндерді «қуайық»!

 

Бірінші апта

Күнделікті таңғы ас: ½ апельсин немесе грейпфрут, 1-2 дана қайнатылған жұмыртқа.

Дүйсенбі

Түскі ас: Өзіңіз ұнататын жемісті жейсіз (алма, апельсин, алмұрт және т.б.).

Кешкі ас: Қуырылған немесе қайнатылған ет (тұтас ет немесе майсыз фарш). Қой етін жеу ұсынылмайды.

 

Сейсенбі

Түскі ас: қайнатылған немесе қуырылған тауық еті.

Кешкі ас: 2 дана жұмыртқа, салат (қияр, салат жапырағы, қызанақ, сәбіз, бұрыш қосылады). 1 тілім қатқан нан немесе ¼ лепешка, 1 апельсин немесе грейпфрут.

 

Сәрсенбі

Түскі ас: Қалауыңызша майсыз кез келген сыр жейсіз. 1 қатқан нан, қызанақ.

Кешкі ас: Қуырылған немесе қайнатылған ет (тұтас ет немесе майсыз фарш). Қой етін жеу ұсынылмайды.

 

Бейсенбі

Түскі ас:Өзіңіз ұнататын жемісті жеусіз (алма, апельсин, алмұрт және т.б.).

Кешкі ас: Қуырылған немесе қайнатылған ет (тұтас ет немесе майсыз фарш). Қой етін жеу ұсынылмайды.

 

Жұма

Түскі ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, қайнатылған көкөністер (кәді, фасоль, немесе сәбіз, жасыл бұршақ).

Кешкі ас: Қуырылған немесе қайнатылған балық, 1 дана апельсин немесе грейпфрут.

 

Сенбі

Түскі ас: Өзіңіз ұнататын жемісті жейсіз (алма, апельсин, алмұрт және т.б.).

Кешкі ас: Қуырылған немесе қайнатылған ет (тұтас ет немесе майсыз фарш). Қой етін жеу ұсынылмайды.

 

Жексенбі

Түскі ас: қайнатылған немесе қуырылған тауық еті, қызанақ, қайнатылған көкөністер, 1 дана апельсин немесе грейпфрут.

Кешкі ас: Қайнатылған көкөністер.

фото: budetezdorovy.ru

 

Екінші апта

Күнделікті таңғы ас: ½ апельсин немесе грейпфрут, 1-2 дана қайнатылған жұмыртқа.

 

Дүйсенбі

Түскі ас: Қуырылған немесе қайнатылған ет, салат.

Кешкі ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, 1 апельсин немесе грейпфрут.

 

Сейсенбі

Түскі ас: Қуырылған немесе қайнатылған ет, салат.

Кешкі ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, 1 апельсин немесе грейпфрут.

 

Сәрсенбі

Түскі ас: Қуырылған немесе қайнатылған ет, қияр.

Кешкі ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, 1 апельсин немесе грейпфрут.

 

Бейсенбі

Түскі ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа, майсыз сыр, қайнатылған көкөністер.

Кешкі ас: 2 дана қайнатылған жұмыртқа.

 

Жұма

Түскі ас: Қайнатылған немесе қуырылған балық.

Кешкі ас: 2 дана жұмыртқа.

 

Сенбі

Түскі ас: қайнатылған немесе қуырылған ет, қызанақ, 1 дана апельсин немесе грейпфрут.

Кешкі ас: Бірнеше жемісті жеуге болады (апельсин, мандарин, шабдалы, алма және т.б.).

 

Жексенбі

Түскі ас: қайнатылған немесе қуырылған тауық еті, қызанақ, қайнатылған көкөністер, 1 дана апельсин немесе грейпфрут.

Кешкі ас: Қайнатылған немесе қуырылған тауық еті, қызанақ, қайнатылған көкөністер, 1 апельсин немесе грейпфрут.

 

фото: 5pudov.ru/wp-content

 

Үшінші апта

Күнделікті таңғы ас: ½ апельсин немесе грейпфрут, 1-2 дана қайнатылған жұмыртқа.

Дүйсенбі: Күні бойы кез келген жемісті шектеусіз жеуге болады. Тек жүзім, манго, құрма, банан, інжірді ас мәзіріне қоспайсыз.

Сейсенбі: Күні бойы қайнатылған көкөністер мен салат жеу ұсынылады. Картоп және дәнді-дақылдар қосуға болмайды.

Сәрсенбі: Бұл күні де тек жеміс-жидектер мен қайнатылған көкөністер жейсіз. Көлеміне шектеу қойылмайды.

Бейсенбі: Қайнатылған немесе қуырылған балық, салат (қырыққабат және салат), қайнатылған көкөністер.

Жұма: Қайнатылған не қуырылған майсыз ет, тауық еті (қой еті ұсынылмайды), қайнатылған көкөністер.

 

Сенбі және жексенбі

Күні бойы тек жемістің бір түрін жейсіз. Алма, алмұрт, шабдалыны ғана жейге болады.

 

Төртінші апта

Төменде берілген тағамдарды күні бойы ішіп-жейсіз. Бірақ ештеңе қосуға болмайды.

 

Дүйсенбі

4 тілім қуырылған немесе қайнатылған ет немесе ¼ бөлік қайнатылған тауық еті, 3 дана қызанақ, 4 дана қияр.

1 банка майсыз балық, 1 тілім қатқан нан, 1 апельсин немесе грейпфрут.

 

Сейсенбі

2 тілім қуырылған немесе қайнатылған ет (200 грамм), 3 дана қызанақ, 4 дана қияр, 1 тілім қатқан нан, алма, алмұрт, апельсин немесе грейпфрут.

 

Сәрсенбі

1 ас қасық сүзбе немесе майсыз сыр, кішкентай тәрлкемен қайнатылған көкөністер, 2 дана қызанақ, 2 дана қияр, 1 тост, 1 апельсин.

 

Бейсенбі

½ қайнатылған немесе қуырылған тауық еті, 3 дана қызанақ, қияр, 1 тост, 1 дана апельсин немесе грейпфрут, жемістер.

 

Жұма

2 дана қайнатылған жұмыртқа, 1 салат, 3 дана қызанақ, 1 апельсин немесе грейпфрут.

 

Сенбі

2 дана қайнатылған тауықтың төс еті, 1/8 кг сүзбе және брынза, 1 тост, 2 дана қызанақ, 2 дана қияр, простокваша, 1 дана апельсин немесе грейпфрут.

 

Жексенбі

1 ас қасық сүзбе, майсыз 1 банка тунец, кішірек тәрлкемен қайнатылған жемістер, 2 дана қызанақ, 2 дана қияр, 1 тост, 1 дана апельсин мен грейпфрут.

Дайындаған: Құрманкүл Әти,

ERNUR.KZ

Загрузка...