Төсектегі 12 ЕРЕЖЕНІ білсеңіз, СОЛ үшін ұрыс-керіс болмайды

0

Төсек айналасындағы түйінді мәселелердің әсерінен көптеген отбасында түсініспеушіліктер мен кикілжіңдердің болып тұратыны белгілі. Дәрігерлер де соңғы кездері сексуалды ауытқушылық пен өзінің жыныстық қарым-қатынасына көңілі толмайтындарды жиі кездестіретін көрінеді.

Әрине, бұл ұзақ уақытқа созылатын ауру емес. Ол үшін арнайы ота жасатудың да қажеті жоқ. Тек, төсек қатынасындағы 12 ЕРЕЖЕНІ білсеңіз болғаны.

 

1-ЕРЕЖЕ: Ұрысып қалғанда төсекпен татуласудың қажеті жоқ

Бұл көптеген отбасында бар жағдай. Арадағы кикілжіңді жуып жіберу мақсатына төсекті пайдаланғысы келеді.

Ғылыми тұрғыда адамның ренжіген соң психологиясының қайта қалпына келуіне 48 сағат қажет болады екен. Демек, ренжіскен күні өзіңізден аттап өтіп, сүйіктіңіздің құшағына құлай кетсеңіз, өз тәніңізге сатқындық жасағандай боласыз. Сондай-ақ, серігіңізге деген тартымдылығыңыз да, өзіңіздің оған деген ынтаңыз да екі жақтап кеми бастайды. Оның түбі неге апарары белгілі.

Ешқашан да ренішті кәдімгі түсінісу арқылы шешіп, бір-бірлеріңіз кешіріп алмайынша төмек қатынасына түсуге болмайды.

 

2-ЕРЕЖЕ: Аймаласу үшін де жағдай керек

Жағдай болғанда да, бітпеген шаруаларыңызды ойлап тыпыршып жатқаннан гөрі серігіңізді алдамай-ақ жайыңыздың келіспей тұрғанын ашық айтқаныңыз дұрыс.

Дегенмен, бұл «жағдайыңыз болғанда да ғана…» деген сөз емес. Төсек қатынасы – қажетті. Сондықтан, оған да кешкі ас ішетіндей дайындалу керек. Ойыңызды бөлетін шаруаларды жинастырып, жайыңызды келістіріңіз.

Күнделікті күйбең тіршіліктің қамытын киіп алып жүре берсеңіз, серігіңіз жақын уақытта сізден ыстық құшақты көрмейтінін біледі де… Жағдай тұйыққа әкеп тірейді. Соңында өзіңіз кінәлі болып шығасыз.

Төсек қатынасын өміріңіздің бір бөлшегі деп білген жөн.

 

3-ЕРЕЖЕ: Төсекте тойып алып «секірген» дұрыс емес

Жыныстық қатынас кезінде дененің белгілі бір бөлігінде қан ағысының мөлшері артаныны белгілі. Ал тамақ ішкенде де тап осы жағдай асқазан-ішек жолдарында байқалады.

Осы жағдайларды есепке алғанда, тойып алып көрпе астына сүңгіп кетудің зияндығын мөлшерлей берсеңіз болады. Денсаулығыңыз бірден сыр беруі мүмкін.

 

4-ЕРЕЖЕ: Қатты ренжігенде немесе аса қуанғанда… жақындаспаған абзал

Неге?

Себебі, қуану себебіңіз немесе реніштің түп төркіні екеуіңізге ортақ болмаса, ол сізді алаңдатып, жұбыңызбен төсекте жарасымдылық табуға қиындық тудырады. Яғни, сүйіктіңізге барынша беріле алмайсыз.

Сондықтан, ондай көңіл-күйден біршама арылып, қалыпқа келгенше күте тұрыңыз.

 

5-ЕРЕЖЕ: «Ішіп» алып жақындасу абырой әпермейді

Керісінше, бар абыройдан айырылып қалуыңыз мүмкін. Алкогольді ішімдік төсектегі әлеуетті арттырмайды, керісінше, барыңызды көрсете алмай, ұятқа қалуыңыз әбден мүмкін. Оның себебі – алкогольдің жүйке жүйесіне қатты әсер ететіндігінде жатыр.

 

6-ЕРЕЖЕ: Әжетханаға барып алыңыз

Шығыс медицина ілімі бойынша, жыныстық қатынас кезінде бүйрекке көп салмақ түседі. Әрине, тек жыныстық қатынас емес, жалпы, оның атқаратын қызметі көп.

Оның ажырамас бөлігі – қуық қабы зәрге толып тұрғанда жыныстық қатынас ойдағыдай болмайтыны анық. Демек, алдымен әжетхана, содан соң ғана шаруаны бастаған жөн.

 

7-ЕРЕЖЕ: Ауа-райы да әсер етеді…

Негізі, климатобиоритмология деген ғылыми түсінік бар. Ол ағзаның ауа райына тәуелділігін зерттейді. Оның дерегіне сүйенсек, әр әдамның ауа райына қарай төсекке деген ынтасы оянып немесе мүлде жоғалып кететін көрінеді. Оны біз көбіне «мазам жоқ» дегенмен жылы жаба салады екенбіз.

Төсекке деген қалауыңыз артып тұрып, бірден жоғалып кетсе және оны өзіңіз де түсінбей қалсаңыз, ауа райымен байланыстырып көріңіз.

 

 

8-ЕРЕЖЕ: ауыр жұмыстың да әсері бар

Төсек қатынасына дейінгі және кейінгі 2 сағатты демалыспен өткізу керек. Яғни, бұл уақыт аралығында сіздің ағзаңыз тән жақындығы үшін тынышталып, демалып дайындалуы тиіс.

Төсекте жан алысып, жан берісу де ауыр жұмыс екендігін түсінсеңіз керек-ті. Ол да бір үйдің отынын түсіргенмен бірдей екендігін ескерсеңіз, әбден тынығып алыңыз және жұмысыңызды соған орайластырыңыз. Әйтпегенде өзіңіз де, серігіңіз де тәннің тәтті сыйынан қағылатын болады.

 

9-ЕРЕЖЕ: Жасанды жыныс мүшесін қолдануға болмайды

Қазір не көп, sex-шоптар көп. Не ұсынбайды десеңші?!

Он екі мүшеңіз сау тұрғанда және қалаулы жаныңыз бар кезде, оның сізге не керегі бар? Соның құлы болып кетуден қорқыңыз. Табиғи, ыстық буы атып тұрған тәнге ештеңе жетпейді. Одан ешқандай ләззат ала алмайсыз, соны түсініңіз.

 

10-ЕРЕЖЕ: бірден душ қабылдауға асықпаңыз

Әрине, әрбір жыныстық қатынастан бұрын және соңыра жуыну – міндетті. Бірақ, ыстық құшақтарыңыз ажырай салысымен емес…

Жақындықтан соң тәтті сезім баурайтын сәт қатынас аяқталған соң бірнеше минуттарға созылады. Тек сезім ғана емес, ағза үшін пайдасы да соны сезініп, рахаттана білуде.

Егер, шаруаны аяқтай салысымен ұшып тұрып бірден душқа жүгіретін болсаңыз, өзіңізді осынау бір пайдалы да тәтті сәттен айырасыз. Тер төккеніңізді бір тиын еткеніңіз…

Кемінде жарты сағат күтсеңіз, өзіңіз үшін пайдалы.

 

11-ЕРЕЖЕ: сезімді міндетпен ауыстырып алмаңыз

Күйбең тіршілік сезімді суытуы мүмкін. Соның салдарынан сезіммен басталатын төсек жақындығын «әйтеуір, міндетім ғой» деген «механикаға» айырбастап алудан сақтаныңыз.

БҰЛ- ЕҢ ҮЛКЕН ҚАТЕЛІК. Көптеген ерлі-зайыптының адасатын тұсы осы. Ұрыс-керіс туындайтыны да осыдан басталады.

Ешқашан да әйеліңізді аймалағаныңызды немесе күйеуіңіздің құшағында тұншыққаныңызды өзіңізге міндет деп санамаңыз. Оның барлығы сезіммен басталып, сезіммен аяқталуы тиіс.

 

12-ЕРЕЖЕ: Төсектегі шаруаны қиялдаудың қажеті жоқ

Ынтаңызды оятып, құштарлығыңызды қоздырамын деп түрлі қиялға беріліп кетпеңіз. Адамның қиялынан асқан жүйрік жоқ, оны өзіңіз де ұстай алмай қалып «қуып кету» қаупі туындауы мүмкін.

Осындайдан барып әйелінің орнына басқа сұлуды, күйеуінің орнына бөтен еркекті елестету басталатыны бар. Бұл жағдай – жұптардың, ерлі-зайыптының қарым-қатынасын көпке созбайды. Ең үлкен қателіктің бірі осы.

Дереккөз: medportal.

Дайындаған: Жайнаған Байтұрым