Жыныс жүйесінің физикалық тексеру әдістері слайд,презентация

0

Жыныс жүйесінің физикалық тексеру әдістері слайд,презентация

 

Жыныс жүйесі

 

Репродуктивті  жүйе  туралы түсінік
Менструальды цикл , реттелуі 
Жалпы қарау
Пальпация , перкуссия
Негізгі  синдромдар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

            Репродуктивті  жүйе  организмнің  өзінен  кейін  ұрпақ  қалдыру қабілетін  қамтамасыз  ететін  жүйе. Репродуктивті  жүйенің   дамуы  антенатальды  кезеңде  басталады да екіншілікті жыныстық жетілудің  толық   дамығанымен сипатталады. Жыныстық жетілу кезеңі тек жыныстық мушелермен емес, сонымен қатар организмнің толық соматикалық дамуымен аяқталады.қалыпты жыныстық  даму кезінде балалық  шақта жыныстық  дамудың негізгі көрсеткіші ол дене салмағы мен ұзындығының сәйкестігі болады. 
        Репродуктивті жүйенің  реттелуі  бірыңғай  функциональды нейроэндокринді жүйе арқылы  қамтамасыз етіледі. Нейроэндокринді жүйе центральды-интеграциялаушы және перифериялық –эффекторлы  орындаушы  мүшелерден турады. Репродуктивті функцияның нейроэндокринді  реттелуінде бір- бірімен  кері және  оң  байланысқан  негізгі 5 тізбекті  ажыратамыз. Жыныстық толық жетілген әйел  организмінің репродуктивті функциясының  негізгі көрсеткіші –менструальды  цикл  болып табылады.
      Менструальды  цикл – алдыңғы менструацияның  бірінші күні мен келесі  менструация  арасындағы уақыт. Әр әйел организмінің  индивидуальды ерекшелігіне байланысты орташа 21 ден 35  күнге дейін созылады. Менструация — бірінші күні менструальды  циклдың басталғанынымен сипатталатын жатырдың функциональды  қабатынан  қан  ағу болады. Бірінші  менструация (менархе)  12—14 жаста болады, қалыпты  менструация  3—7 кунге созылады,осы кезде  50—150 мл қан  жоғалады.
    Көптеген гинекологиялық  ауруларды  қарау диагностиканы  жеңілдетеді. Тері түсі мен шырышты  қабаттардың  бозғылттығы қан кету (фибромиома, менструальды функция бұзылысы)екендігін көрсетеді;арықтау, терісінің бозғылттау немесе жер түстес болуы қатерлі ісіктерді көрсетеді; скелеттің рахит тәрізді деформациясы  босанудан  кейінгі травма нәтижесінде (жыланкөз,жатыр мойны жарылуы, шат аралық  ) болады.   Аурудың дамуы негізгі қолайлы  фактор  әртүрлі социалды жағымсыз  факторлар. Кейбір  аурулардың  өршуіне  негізгі конституциялық  ерекшелік те  әсерін  тигізеді.

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!