Жылуөткізгіштік ұғымы
Металдар жылуды жақсы өткізеді, сол себепті ас дайындауда металдан жасалған ыдыстар пайдаланады. Ал кейбір заттар жылуды нашар өткізеді, мысалы ағаштан жасалған қасықтар, ыстық тамақтын ішінде қызбайды.
Бұл жылуөткізгіштік деп аталады. Жылуөткізгіштік заттардың жылу өткізу қабілетін сипаттайтың ұғым.
Жылу қалай тарайды?
Бір-бірімен шектесетіп және жылу алмасып тұрған екі затты қарастырайық (жылу қызылдан көкке алмасады):
Ыстық заттың молекулаларының жылдамдықтары, суық заттын молекулаларының жылдамдықтарына қарағанда басым болады.
Тез-шапшаң қозғалатың молекулалар баяу қозғалатын молекулалармен шекаралық облыстарда соқтыққанда, өз энергиясының, өз жылдамдығының біраз бөлігін баяу қозғалатың молекулаларға береді де, өздері баяулайды. Осының нәтижесінде суық зат жылынады, ал ыстық зат суыйды да екеуінің температуралары теңеседі.
Металдардың жылуөткізгіштігі жоғары болады, себебі металдардың атомдары бір-біріне жақын орналасқан. Газдардың жылуөткізгіштігі нашар, өйткені газдардың молекулалары бір-бірінен алыс орналасқан. Сұйықтардын жылуөткізгіштігі газдар мен металдардың арасында болады.
Пән: Физика