Жылу мөлшері слайд,презентация
Жылу мөлшері слайд,презентация
Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы жылу мөлшері деп аталады
Біз дененің ішкі энергиясын екі тәсілмен – жылу алмасу және жұмыс жасау арқылы өзгертуге болатынын білеміз. Осының бірінші тәсілін жүзеге асыруды дененің ішкі энергиясы жасалған жұмысқа А, ал екіншісін жүзеге асырғанда берілген жылу мөлшеріне Q тең шамаларға өзгереді.
Егер шайнекті, оның ішіндегі су тек жылы болатындай етіп қыздырсақ, оны отта ұзақ ұстамаймыз. Керісінше ыстық су керек болса шайнекті көп уақыт қыздыру қажет. Шайнекті қыздырғышта ұзақ ұстасақ, оның алатын жылу мөлшері де көп. Сондықтан, қыздырғанда дененің температурасы көп өзгеретін болса, оған берілетін жылу мөлшері де артуы керек.
Қыздыру кезінде судың температурасы неғұрлым көбірек өзгерсін десек, оған соғұрлым көбірек жылу мөлшерін беруіміз керек
Мысалы, дененің бастапқы температурасы tбас, ал соңғы температурасы tсоң болсын. Бұл кезде дененің температура өзгерісі былай өрнектеледі
∆ t = tсоң– tбас.
Олай болса жылу мөлшері осы шамаға тәуелді:
Q ∆t -ға тәуелді
Тағы да, 2 кг суды қыздыруға 1 кг суды қыздыруға қарағанда көп уақыт кетеді. Яғни, көп жылу мөлшері жұмсалатыны бәрімізге белгілі. Бұл денені қызыдруға керекті жылу мөлшері оның массасына тәуелді болатынын білдіреді.