ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ, ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ТУРАЛЫ мақал мәтелдер

0

ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ, ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МАҚАЛ МӘТЕЛДЕР

Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар.

***

Жаздың бір күні, қыстың мың күні.

***

Нөсер алдында найзағай ойнайды.

***

Жаңбыр бір жауса,

Терек екі жуады.

***

Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

***

Таулы жер бұлақсыз болмас,

Сулы жер құрақсыз болмас.

***

Туған ай, тураған етпен тең.

***

Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер.

***

Су аққан жерінен айнымас.

***

Сәуір болмай, тәуір болмас.

***

Үркерлі айдың бәрі қыс.

***

Қыстың көзі қырау.

***

Шағала келмей жаз болмас.

Шаңқан келмей, боз болмас.

***

Жел түбі азық, жекен түбі қазық.

***

Сәуір болса, күн күркірер,

Күн күркіресе, көп дүркірер.

***

Мәуесі бардың әуесі бар.

***

Қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс.

***

Әрнәрсе уақытымен қызықты.

***

Тауына қарай тоғайы,

Шошқасына қарай торайы.

***

Су басынан буылады.

***

Тау кезеңсіз болмас,

Өлке өзенсіз болмас.

***

Көлдің көркі құрақ,

Таудың көркі бұлақ.

***

Жаз сайға қонба,

Қыс қырға қонба.

***

Сүмбіле туса су суыр.

***

От арық, су семіз.

***

Жаңа айдан жақсылық.

***

Тоқты тоймас,

Шөміш кеппес.

***

Алпыс күн тасыған су,

Алты күнде қайтар.

***

Таң атпайын десе,

Күн қоймайды.