«Жыл басына таласқан хайуанаттар»

0
234
Ұйымдастырушы-лық – ізденістік
  • Ертегі не туралы?
  • Олай болса біз ертегіні рөлге бөліп, сахналап қояйық.
  • Жүргізуші: ормандағы ашық алаңға жайланып жайғасқан хайуанаттардың әрқайсысының жыл басы болуға ойы кетіп, «Неге мен емес?» , «Мен кімнен кеммін?» деген талас басталады. Ортаға бірінші сиыр шығады.Сиыр : «Мө» деп мөңіредім,Молшылық төңірегім.Жыл басы боламын деп,Ертерек келіп едім.Көгалда тұрағым,Дайын тұр құрағым.Сүтіммен, етіммен,Адамға ұнадым. Сергіту сәті:Жыл басы тек мен болам,Деп хайуандар таласты.Өз-өздерін мақтанып,Уәждері жарасты.Жылды қарап тұрайық,Ойын-сауық құрайық.Ең бұрын келген батырды,Жыл басы деп ұғайық.

    Жүргізуші: бір кезде ортаға жылқы шауып шығады.Жылқы: алысқа шауып барамын,Адамның бабын табамын.Пайдасы мол жылқымын,Жыл басы мен боламын.Әсем десен әсеммін,Сылан қағып өсемін.Кең далада көсіліп,Самал желдей есемін.Жүргізуші: түйе ішінен мен бәрінен сұлумын,Бойымда ұзын,ақылдымын деп кербездене қарайды.Түйе: түйе,түйе,түйемін,Жануармын киелі.Кім таласар бойыма,Жыл басына иемін.Жан-жағына қараймынТүн мен күнді санаймын.Мен өзімді даланың,Кербезіне балаймын.Жүргізуші: түйе әні аяқталысымен қаһарлана ортаға барыс шығады. Барыс: – Ыррр ,ыррр, Барыспын,Бәріне таныспын.Айналаға сыйлыын,Сезімсізбен алыстым,Күшіме сенемін,сенемін.Бәрін де жеңемін,жеңемін.Жыл басы болуға,Шіреніп келемін,келемін.Жүргізуші: Барыстың артынша ұлу шығады өз-өзін мақтапҰлу: Ұлу деген мықтымын,Жарқын-жарқын шықты үнім.Ойым озар өзіммен,Ақыл-ой бар сөзімде.Үйім бірге өзіммен,Сабыр етем төзіммен.Күш пен көрік құлпырар,Салиқалы сөзіммн.Жүргізуші: – бір мезетте ортаға маймыл шығып бәрін мазақтай бастайды. Ол жыланға келіп тиіседі, ол шағып ала жаздайды. Маймыл сәл кідіріп қайтадан мазақтаға көшеді. Басқа жануарлар екеуінің сықпай ортаға қой шығады.Қой: Бә,бә,бә мен қоймын,Көк шөпке тойдым.Жыл басы болуға,Келіп тұр ойым.Қарандаршы қандаймын,Аппақ болған таңдайым.Жыл басына лайық,Жарқырап тұр маңдайым.Жүргізуші: Қорқылдап тауық келеді.Тауық: Қо,Қо,Қо,Қо,Жыл әлі неге жоқ?Жұмыртқамды жегесін,Барлық бала тоқ.Құрт-құмырсқа-жемтігім,Жоқ ешбір кемтігім.Бәрің де бос мақтанып,Шаршамандар ентігіп.Жүргізуші: Арсылдап ит шығады: Ит: абалап үремін,Үй қорғап жүремін.Адамның көмекші,Досының бірімін.Ит болғасын үремін,Сергек өмір сүремін.Жеті қазынанын бірімін,Адамды қорып жүремін.Жүргізуші: (хайуанаттар мызыкамен билеп хормен айтады)Хор: жылды қарап тұрайық,Ойын –сауық құрайық.Ең бұрын көрген батырды,Жыл басы деп ұғайық.Тышқан құлық ойлайды,Келіспеске қоймайды.Шығып алып түйенің, Өркешімен ойнайды.(қимылмен көрсетіп.) Доңыз бен қоянның дуэті:Түйе мойнын созады,«Мен болам» деп жар салып.Тышқан одан озады,Жылды алғаш қарсы алып.Тышқанның әні:Алақай! Алақай!Күнді көрдім алақай!Қулығыммен,ақылыммен,Бәрін жеңдім,алақай!Барлық хайуанаттар жиналып, ән айтады:Тышқан деген батырдың,Таңды көзбен атырды.Төбесінен түйенің,Жылды көріп қатырды. (балалар өлең мазмұнына сай қимыл көрсетеді.)Жүргізуші: жылды Тышқаннан кейін Сиыр,Барыс,Қоян,Ұлу,Жылан,Қой,Мешін,Тауық,Ит ,Доңыз, көрген екен. Ал түйе ауызы ашылып,таңырқап, ештенені түсінбей қала берді. Сөйтіп жыл атауларынан құр қалыпты. Жан-жануарлар достық пен сыйластықты, ақылдылықты,тапқырлықты, мойындап әнге қосып би билеп, жаңа жылды тойлаған екен.

    Жан-жануарлар туралы ертегіге Жыл басына таласқан хайуанаттар туралы.

    Балалар шеңбер болып тұрып, өлең мазмұнына қимылдар жасайды.