Жүру түрлері балабақшадағы ашық сабақтар
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Дене тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: Жүру түрлері.
Сабақтың мақсаты: Балаларға жүрудің түрлерін көрсету және оларды үйрету. Балалардың денсаулықтарын нығайту. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Жаттығулар жасату. Жаттуғаларды дұрыс жасауға баулу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: жалаушалар, кеглилер, ойыншықтар, орындықтар, ленталар немесе арқан жіптер.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушы
|
Балалардың спорт киімдерін кигізіп, мектеп спорт залына апару. Шаттық шеңбері: Бақытты балалық шақ Ж. Тұрбеков Отанымыз әлпештеп анадайын, Құшақтайды аялап сағат сайын. Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң, Не керектігін біз үшін бәрі дайын.
Сапқа тұрғызу.
|
Шеңберге тұрып сабақты шаттық шеңберден бастайды.
Сапқа тұрып, бұйрықтарды орындайды.
|
Іздену-ұйымдасты рушылық
|
Шеңбер бойымен жүрудің түрлері:
Пілдің ізімен жүру;
Шеңбер бойымен жүгіру. Тез жүгіру; |
Шеңбер бойымен жүру жаттығуларын дұрыс әрі ұқыпты орындайды. Барлығын жақсылап келтіреді.
|
Рефлексифті – түзетуші
|
Жүгіруге арналған қозғалмалы ойындар:
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші: «Күн шуақ! Ойнап келіңдер!» — дейді. Балалар алаңда жүгіреді. «Жаңбыр! Тезірек үйге қайтыңдар!»-деген сигнал бойынша барлығы өз орындарына қарай жүгіреді және орындықтардың артқы жағына келіп отырады.
Ойынның мазмұны: Ойыншықтарды (сылдырмақтар, кішкене кубтар) бөлменің, алаңның қарама-қарсы жағына орналастырады. Тәрбиеші балаларды өзіне шақырып алады да, ойыншықтарды алып келуін өтінеді. Оның нұсқауы бойынша балалар ойыншықтарға қарай жүгіреді және оларды тәрбиешіге алып келеді. Ол балаларды мадақтайды да, ойыншықтарды қайтадан орындарына апарып қоюын өтінеді.
|
Балалар залдың қабырғасынан біршама алысырақ қойылған орындықтардың артқы жағына жүрелерінен отырады да, терезеден қарайды (орындықтың арқалығындағы саңылаудан).
Нұсқау: Ойынды тапсырмалар қосып күрделендіруге болады: ойыншыққа тар жолмен (тақтаймен) немесе онша биік емес заттардың үстінен аттап бару. |
Болжамды нәтиже: жүрудің түрлерін көрсету және оларды үйрету
Білуі керек: Жүрудің әр түрін білуә керек. Спорттың денсаулыққа пайдасын.
Қалыптасқан әдет: Достық, бірлік
Істей біледі: Жаттуғаларды дұрыс жасау
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!