Жүре, секіре және кедергілерден қарғып өте алатын тұнғыш робот — Білім, ғылым, мәдениет — Bilim

0

АҚШ Солтүстік-Шығыс университетінің инженерлері жерде өзін еркін сезініп, қажет болса әуеге де көтеріле алатын роботты жасап шығарды. Ол кедергілерден өте алады және сүрініп кетсе де, тепе теңдікті сақтай алады.

Жасалып шыққан құрылғыға LEONARDO деген атау берілді. Робот LEg ON Aerial Robotic Drone, яғни «аяғы бар және ұша алатын робот-дрон» аббревиатурасының арқасында ұлы флоренциялықтың аттасы болып шықты.  

Қазіргі заманда жерде жүретін роботтармен де, ұшқышсыз коптерлермен де, ешкімді таң қалдыра алмайсың, алайда, әдетте инженерлер «жорғалау үшін дүниеге келген самғап ұша алмақ емес» қағидаты бойынша қарекет қылады. Дейтұрғанмен, екі аяқты роботтарға жолында тұрған кедергі проблемаға айналуы мүмкін. Оның үстіне олар сүрініп жығылуы немесе оларды жел құлатып кетуі мүмкін.  

«Леонардо» құлауды ұшуға ұластырып, бұл проблеманы әдемі жайғай алады. Бұлай істеуге оның денесінің екі бүйірінде орнатылған кез келген бағытта жүргізе алатын кішігірім екі винт көмекке келеді. Робот екі аяғымен қозғалады және оның бойының ұзындығы 0,8 метр. Осындай көпкөрім габариттері болғанына қарамай, оның салмағы бары-жоғы 2,7 килограмм ғана. Бұндай жеңіл салмаққа LEONARDO негізінен көміртекті талшықтардан жасалғандықтан қол жетіп отыр.  

Өзінің қозғалтқыштарының арқасында «Леонардо» әуеге көтеріліп, жолындағы кедергінің үстінен ұшып өтіп, кедергінің арғы жағына қона алады. Секіру секілді әлдебір нәрсені істейді. Бұның үстіне ол аяқ астынан құлай бастаса, тепе теңдікті ұстап қалуға да қауқарлы.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:


Дереккөз: bilim-all.kz