Жүре пайда болған жүрек ақаулары слайд,презентация — Биология
Жүре пайда болған жүрек ақаулары слайд,презентация
Бұл ауру негізінен жедел және созылмалы жарақаттар мен аурулардың әсерінен дамитын, жүрек гемодинамикасы мен клапан қызметінің бұзылуымен жүретін жүрек ақаулары.
Негізі клапан аппаратының функциональды және морфологиялық бұзылысы болып табылады.
Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы
Инфекциялық эндокардит
Қақпақшалардың дәнекер тіндерінің дегенеративті және дистрофиялық өзгерістері.
Жүректің ишемиялық ауруы
Кеуде қуысының жарақаты
Инфекциялық эндокардит — эндокардттың әр түрлі бактериялар әсерімен қабынуы. Дербес нозологиялық дерт болғанымен, ол көбінесе іштен туа біткен не жүре біткен жүрек ақаулары, митралдық қақпақшаның пролапсы бар балаларда кездесетін ауру.
Бактериалдық эндокардитті қоздырушы микроорганизмдердің 119түрі бар, бірақ олардың ішінде ең жиі кездесетіні стрептококк пен стафилакокк.
Негізгі факторлар ауруды шақырушы микроорганизм мен макроорганизмнің иммундық жүйесінің жағдайына байланысты. Осы екеуінің өзара байланысы аурудың басталуы, ағымы мен бітуін түгел қамтиды. Морфологиясында жүректе, басқа мүшелерде өзгерістер табылады. Жүрек қақпақшаларында деструкция, перфорация, жармасының жараланғаны, хордалардың үзілгені, тромб түзілгені табылады. Миокардта көбінесе іріңдеген ошақтар болады.