Жұмысшыларды, қызметшілерді шоғырландыру және халықты эвакуациялау туралы қазақша
Халықты шоғырландыру және эвакуациялау — халықты заманауи зақымдау құралдарынан қорғау тәсілдерінің бірі. Шоғырландыру дегеніміз — халықты қалалардан және басқа да елді мекендерден ұйымдасқан түрде тасып шығару және соғыс уақытында да өз жұмыстарын жалғастырып жатқан нысандардың қызметшілері мен жұмысшыларын жұмыс ауысымынан кейін қала сыртындағы аймаққа ор-наластыру.
Сондай-ақ шоғырландырылғандар санатына қаланың тіршілік қарекетін қамтамасыз ететін объектілердің қызметкерлері (коммуналдық шаруашылыңтың қызметкерлері) де жатады. Шоғырландырылғандар санатына жатқызылған жұмысшылар мен қызметшілер қала сыртындағы аймаққа орналастырылғаннан кейін өз кәсіпорындарындағы жұмыс үшін ауысыммен қалаға жұмысқа келеді, ал жұмыс аяқталғаннан кейін қала сыртындағы аймаққа демалу үшін қайтып оралады.
Әвакуация (көшіру) дегеніміз — қалалар мен басқа да елді мекендерден зардап шегуші халықты ұйымдасқан түрде алып шығып немесе көлікпен тасымалдап, қала сыртындағы аймаққа орналастыру, сондай-ақ халықты су басу қаупі бар аймақтан алып шығу немесе шығару. ІПоғырлан-дырылғандардан айырмашылығы эвакуацияланғандар қала сыртындағы аймақта ерекше өкім берілгенге дейін тұра береді.
Қала сыртындағы аймақ — қаладағы мүмкін болатын қирау аймақтары шектерінен тыс орналасқан аймақ болып есептеледі. Қаладағы әрбір кәсіпорынға, мекемеге, оқу орнына қала сыртындағы жоспарланған аймақта халықты орналастыратын аудан тағайындалады, ол жұмысшылардың, қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің санына қарай бір немесе қатар орналасқан бірнеше елді мекен болып табылады.
Көшірілген жұмысшылар мен қызметшілер орналастырылған қала сыртындағы аудандар қала ішіндегі апаттан олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетіндей, қалаға жұмысқа баруы мен қала сыртындағы аймаққа демалуға қайтып оралуына уақыт аз жұмсалатындай қашықтықта орналасуы тиіс.
Шоғырландырылған халықты орналастыру аудандарын теміржол стансылары мен автомобиль жолдары — магистральдарға жақын жерде ұйымдастыру да мақсатқа лайық болады.
Жұмысшыларды, қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін өндірістік ұстанымды сақтай отырып қоныстандырады. Бұл ретте кәсіпорынның біртұтастығы сақталады, жұмысшылар ауысымдарын қалаға жұмысқа жөнелту мен адамдарды тамақпен, медициналық қызметпен қамтамасыз ету жеңілдетіледі.
Өз өндірістік қызметін қала сыртындағы аймаққа ауыстырған жұмысшылар мен қызметшілерді қалада жұмыс істеуін жалғастырушы кәсіпорын жұмысшылары мен қызметшілері орналасқан аудандардан алысырақ мекендегі қолда бар өндірістік базаларға немесе жаңадан жасалған өндірістік базаларға жақын орналастырады. Өндіріспен байланысты емес және шоғырландырылған жұмысшылар мен қызметшілердің отбасы мүшелері болып табылмайтын эвакуацияланған халықты қала сыртындағы неғүрлым қашықтау аудандарға орналастырады, ал су басу қаупі бар аймақтарынан эвакуацияланған халықты осы аймақтарға жақын жердегі елді мекендерге орналастырады. I
Эвакуация Екінші дүниежүзілік сығыста кең қолданылды. Алайда бұл эвакуациялық іс-шаралар ұстанымдық жағынан заманауи соғыс жағдайдағы жоспарланған эвакуациялық шаралардан ерекшеленді; мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде халық қарсыластан шалғай аудандарға эвакуацияланды. Ал заманауи эвакуация халықты қарсыластың ядролық шабуылының неғүрлым ықтимал объектілерінен алшақ, барлық бағыттардағы қауіпсіз аймақтарға шығаруды көздейді.
Шоғырландыру мен эвакуация қала халқының тығыздығын төмендетеді, осыған орай халықтың шығыны айтарлықтай азаюы мүмкін.
Шоғырлану мен эвакуацияны ұйымдастыру және өткізу. Жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелерін шоғырландыру мен эвакуациялау өндірістік қағидат бойынша, яғни объектілер желісі бойынша, ал өндіріспен байланыс-ты емес халықты эвакуациялау — аумақтық қағидат, яғни ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) арқылы тұрғылықты жері бойынша ұйымдастырылады әрі жүргізіледі.
Балалар, әдетте, ата-аналарымен бірге эвакуацияланады, бірақ оларды мектептегі және балабақшадағы балала-мен бірге алып шығу да қарастырылған. Эвакуациялық шараларды тікелей ұйымдастырумен және өткізумен объектілердегі Азаматтық қорғаныс бастықтары және қалаларда (қалалың аудандарда) құрылатын эвакуациялық комиссиялар айналысады. Кейінге қалдыруға болмайтын шоғырландыру мен эвакуацияны өткізу үшін әскери, өндірістік және шаруашылық тасымалдарымен қамтылмаған қоғамдық көліктің барлық түрлері (теміржол, автомобиль, су көліктврі), сондай-ақ жеке қолданыстағы көліктер пайдаланылады.
Қарсыластың шабуыл жасау қаупі артқанда және көліктер жеткіліксіз болған кезде халықты мүмкін болатын қирау аймақтары шегінен эвакуациялау мерзімі маңызды мәнге ие болады. Мұндай жағдайда эвакуацияны аса қысқа мерзімде өткізуге мүмкіндік беретін аралас тәсіл пайдаланылады. Эвакуацияның аралас тәсілінің мәні — қалалардан халықты жаяу алып шығу және қолда бар көліктің барлық түрлерімен тасымалдаудың үйлестірілуінде. Бұл тәсіл негізгі тәсіл болып табылады.
Шоғырландыру мен халықты эвакуациялауды үйымдастыру мен өткізу бойынша барлық жұмыстар АҚ объект бастығының жоспары мен нұсқауларына сәйкес жүзеге асырылады. Шоғырландыру мен халықты эвакуациялауға басшылық жасау үшін оъектіде эвакуациялық комиссия, ал ірі объектілерде бұған қоса жиналу эвакуациялық пунктер (ЖЭП) құрылуы мүмкін.
Объектіде АҚ бастығының бұйрығымен ЖЭП әкімшілігі құрылады. Объектідегі эвакуациялық комиссияның төрағасы болып объект басшысы орынбасарларының біреуі тағайындалады.
Шоғырландыру мен халықты эвакуациялау арнайы эвакуациялық жиналу пунктері арқылы өткізіледі. Шоғырландыру мен эвакуацияны өткізу туралы өкім алғаннан кейін объект АҚ-ның бастығы жоспарға және аға бастықтың өкіміне сәйкес эвакуациялық іс-шараларды орындауды ұйымдастырады. |
Объект халқы эвакуацияның басталуы туралы кәсіпорындар, оқу орындары, полиция, сондай-ақ радио мен жергілікті теледидар арқылы хабардар болады. Шоғырландыру мен эвакуацияның басталғаны туралы хабарлама алған халық дереу дайындалуы және өздерімен бірге құжаттарын, ақшаны, қажетті заттары мен азық-түлік қорын алып, қатаң белгіленген уақытта эвакуациялық жиналу пунктіне келуі тиіс.
Егер жұмысшылар мен қызметшілерді отбасыларымен бірге орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, отбасы мүшелерін шоғырландыру (эвакуация) бағыты бойынша жеке, неғүрлым шалғай аудандарға эвакуациялайды; олардың эвакуациялық пунктке келу уақыты ерекше белгіленетін болады.
Эвакуациялық жиналу пунктіне келген адамдарды тіркейді, автокөліктер (кемелер) бойынша топтарға бөледі және белгіленген уақытта көлікке отырғызу пункттеріне жібереді.
Объект өкілдері стансы (пункт, айлаң) әкімшілігімен адамдарды вагондарға, автокөліктерге, кемелерге отырғызуды жүзеге асырады және белгіленген тәртіпті ұстап тұрады. Объект халқын жаяу ретпен алып шығу, әдетте, бір тәуліктік жолға есептелінеді, ол алдын ала белгіленген бағдар мен 10—12 сағатта жүріп өтетін жол бойынша жүзеге асырылады. Жаяу жүргіншілер сабының саны 500-ден 1000 адамға дейін ауытқуы мүмкін. Сапты басқару ыңғайлы болу үшін оны 50-100 адамдың топтарға бөлу, топтардың жетекшілерін тағайындау қажет. Топ жетекшілері жеке құрамның санын тексеруге, топқа бөгде тұлғаларды жібермеуге және артта қалып қоюшылардың болмауын қадағалауға міндетті. Саптардың бағдардағы қозғалыс жылдамдығын 4-5 км сағ шегінде, ал колонналар арасьндағы арақашықтықты 500 м-ге дейін ұстаған жөн.
Шоғырландыру мен эвакуациялау кезінде медициналық қызмет көрсету ұйымдастырылады. Осы мақсатпен ЖЭП, отырғызу стансылары (порттар, айлақтар) медициналық пункттермен қамтамасыз етіледі. і|!
Әрбір пойызға (кемеге) орта медициналық білімі бар 1-2 қызметкер тағайындалады және 1—2 санитарлың жасақ енгізіледі. Жаяу колонналарда жүріп келе жатқан адамдар «Әуе дабылы» сигналы берілгенде таса жерлерді немесе ең жақын қорғаныс құрылыстарын паналайды. Қарсыластың жаппай зақымдау қаруын қолдануымен эшелон (автоколлона) тоқтауға мәжбүр болған кезде, адамдарды вагоннан (автокөліктен) дереу түсіру және оларды сол жердегі тасалайтын жерлерде немесе ең жақын қорғаныс құрылысында қорғау бойынша қажетті шаралар қабылдаған жөн. Егер қала сыртындағы аймаққа қарай қозғалу кезінде радиоактивтік, химиялық немесе бактериологиялың (биологиялың) заңымдану аудандары кездессе, онда оларды мүмкіндігінше жел соғатын жағынан айналып өтеді. Айналып өтуге мүмкіндік болмаған жағдайда бұл аудандардан жеке қорғану құралдары арқылы жоғары жылдамдықпен жүріп өтеді.
Шоғырландырылған және эвакуацияланған қала халқын қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру, сондай-ақ оны барлық қажетті құрамдармен жабдықтау үшін қабылдау эвакуациялық комиссиялары (ҚЭК) мен ауылдық аймақтарда қабылдау эвакуациялық пункттері (ҚЭП) құрылады.
Оның қызметкерлеріне ҚЭП-ке келген халықты қарсы алу, оны елді мекендерге бөлу, алғашқы медициналық жәрдем көрсету, адамдарды пәтерлерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру жүктеледі. Эвакуацияланған адамдар халықтың тіршілік қарекетін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға тартылады.
#Жұмысшыларды #қызметшілерді #шоғырландыру #және #халықты #эвакуациялау
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз