Жолға шыққанда оқылатын дұға


Әуелі лажы болса жол жүрерде «Сапар намазын» оқып, «Ей, Аллаһ, өзіңе өзімді тапсырдым, түрлі қауіп-қатерден сақтай гөр. Тәуекел еттім» деп ниет етіледі. Содан соң мына дұғаны оқысын:
«Бисмилләһи, тәуәккәлту ъалал-лаһу уә лә һаулә уә лә қууатә иллә билләһи» делінеді және де мүмкіндік болса, әрдайым жол жүрерде садақа беріп шыққан пайдалы. Өйткені садақа адам басына төніп келе жатқан бәлекетті қайтарады.