Жолда жүру ережесін сақтаймыз балабақшадағы ережелер
Жолда жүру ережесін сақтаймыз
Сабақтың мақсаты:
1.Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Тәрбиеші : Ал енді » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .
ІІ. Негізгі бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен. (Автобус)
2. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
3. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
4. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
5. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. (Бағдаршам)
Тәрбиеші : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.
1. Неге ?
Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .
4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Тақтада
Қызыл – Тоқта !
Сары – Сақтан !
Жасыл – Жол ашық!
Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !
Балалар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
Ән: Бағдаршам
1. Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы :
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»
Инспектор :
Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,
Ауырса адамды, аңды да емдейді .
Отырған мынау Медбике апаға
Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?
(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)
Инспектор :
Апа, қараңыз мына сұмдықты ,
Маймақты кім қыңжылтты ?
Мед.бике:
Маймағым, не болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?
Аю:
Айтайын мен жасырмай шынымды – ай,
Сақтап қал , апа жанымды шыбындай.
Жармасып бал тасыр машина үстіне
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Мед.бике:
Бір асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.
Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят – ақ,
Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !
Аю.
Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!
Тәрбиеші: Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.
Бала қалай өтетінін көрсетеді.
Инспектор
Көреген, дәу қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты – бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда.
Бағдаршам
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Бағдаршам
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Диана:
Төрт топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп тұрады.
У-шусыз ұрыспай.
Сақтандыру , ескерту белгісі
Қып – қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар жолдаған.
Аман – сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу белгісі
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан – жақты.
Міндеттеу белгісі
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында !
Ңұсқау белгісі
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн – түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Тәрбиеші: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Қорытындылау :
Тәрбиеші : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!