Жол тәртібін білейік, аман — есен жүрейік — Сценарилер — Bilim
Жол тәртібін білейік, аман — есен жүрейік
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы
Абай атындағы орта мектебінің
арнайы сынып мұғалімі Бектлеуова Шолпан
Мұғалім сөзі:
Кішіге, үлкенге, жасыңа кәріңе
Жан сая қиналған жандардың бәріне.
Дәрігер апайды бәріміз білеміз.
(Балалар құрметпен қол соғады, осы кезде басы ақ шүберекпен оралған Аю кіреді)
Оқушы: Дәрігер апай, қараңыз мына сұмдықты,
Маймаққа не болған, кім оны жаралаған?
Дәрігер: Маймағым не болды, жасырмай айтшы өзің
Неліктен ісінген бас, көзің? (Аюдың басын тағады)
Аю: Айтайын жасырмай шынымды,
Сақтаңыз шыбындай жанымды.
Жармасып, бал тасыр, машина қадаққа,
Домалап түстім де, тап болдым азапқа.
Дәрігер: Бір сәттік қарның тоятын күн үшін,
Жол жүру ережесінде бұзыпсың.
Аю: Дәрігер апай енді ұрлықта жасамаспын,
Жолда жүру ережесін бұзбаспын.
(Ортаға қоян құлағын ұстап, Түлкі шойнаңдай ақсап келе жатады)
Түлкі: Жүгіріп екеуміз ойнадық қуыспақ.
Қоян: Ауладан беріп алмақшы қу ұстап.
Түлкі: Ал қоян зып беріп көшеге жөнелді.
Қоян: Аула тар болған соң қайтейін мен енді.
Түлкі: Қоянды қуам деп тапқаным,
Құйрықты әрең деп сақтадым.
Қоян: Машина астынан жүгіріп өткенде,
Құлақты бір темір зақымдап кеткені.
Дәрігер: Құлақпен құйрыққа жағатын дәрі бар,
Ереже бқзғанға қоятын екілік тағы бар.
(дәрігер ем көрсетуге кіріседі)
Дәрігер: (Басын шайқап)
- Мыналарды тез ауруханаға жеткізейік, балалар көрдіңіздерме, ойнағанның кесірін. Мұғалім қарағым, жол жүру ережелерін бұзбауын естерінде қалатындай сабақ өткізуді өзіңе тапсырдым.
(хайуанаттарды ертіп шығып кетеді)
- Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Жиек жол деген не?
- Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?
- Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Бағдаршам туралы не білесіңдер?
Мұғалім: Ал, қанеки, үйренейік біз де жүру тәртібін,
Ережені жақсы білер бар кімің?
Кім айтады жол белгісі неше түрден тұрады?
Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.
Бағдаршам:
Жолды кесіп өтерде,
Сол жағыңа қарайла,
Жарты ортаға келгенде
Оң жағыңа қарайла
Білгеніңді басқаға
Үйрете жүр жарайма?
Қызыл көзі:
Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орныңда тұр қозғалма
Ереже бұл «Сен тоқта!»
Сары көзі:
Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды.
Жасыл көзі: Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер,
Өтуге еш қорықпайды.
I. Тақпақ
1- оқушы: Көшеде ортаға жеткенше
Әуелі көзің сал сол жаққа.
Балақай ортада өткен соң,
Мойын бұр сол жаққа оң жаққа.
2 — оқушы: Көшеде ортаға жеткенше
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.
Кідірме, абыржып онда аса,
Сенгейсің өзіңе, көзіңе.
3 – оқушы: Қай көше қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңызда.
Жолда жүру ережесі –заңды тәртіп,
Ол – ортақ үлкен – кіші, баршамызға.
Басталар әр қадам аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
II. Сайыс «Ой қозғау» (әңгіме құрау)
Суретке қарап әңгіме құрау.
III.Сайыс «Кім шапшаң?» (сұрақ – жауап)
Қызыл
- Жаяу жүргіншілер қандай жерлермен жүреді?
- Жол бойында балалардыңойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?
- Жолды неге тек жолөткелдерінен қиып өтуге тиіспіз?
Сары
- Жол өткелінен жүгіріп өтуге болама?
- Жол жиегінде тұрған автобус, троллейбус, т.б. көлік түрінің қай жағынан өтуге болады?
- Бағдаршам жарықтарының қызметі қандай?
Жасыл
- Велосипедпен неше жастанбастап жолмен жүруге болады?
- Бағдаршам қойылған жол өткелі қауіптіме, әлде бағдаршам қойылмаған жол өткелі қауіптіме?
- Жол бойында тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті?
IV. Сайыс «Жол белгілерін еске түсірейік»
Әр топқасуреттер таратылады.Жол белгілерін дұрыс тапса, жол ережесіне байланысты мазмұнды сурет құрастырылады. Ойынның мақсаты: жол белгілерін еске түсіру, шатастырмауға үйрету.
V. Жұмбақтарды шешеміз.
1. Көліктің қаншасын жанынан өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (жол)
2. Жоқ ізінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та, (бағдаршам)
3.Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)